Toyota Supra спорткарының соңғы моделін таныстырды

Жарияланды 22 Наурыз 2025 15:44

Ақниет Төленді

Ақниет Төленді

Шеф-редактор a.tolendi@kursiv.media
Toyota Supra спорткарының соңғы моделін таныстырды
Toyota Supra спорткарының соңғы моделін таныстырды / Фото:  Toyota, newsroom.toyota.eu

Toyota компаниясы спорт көлігі ретінде 1978 жылдан бері шығып келген Supra моделін соңғы рет таныстырды. Соңғы модельді тек 300 данасы ғана шыққан.

Toyota Supra спорткар
Toyota Supra спорткар / Фото:  Toyota, newsroom.toyota.eu

Айта кетейік, осыған дейін 2002 жылы Toyota бұл көлік түрін шығаруды тоқтатып, кейіннен 2019жылдан бастап қайта жарық көре бастаған. 2025 жылы модельді шығару толық тоқтамақ. Көліктің соңғы түрі A90 атауымен 300 дана тиражбен шыққан.

Toyota Supra спорткар
Toyota Supra спорткар / Фото:  Toyota, newsroom.toyota.eu

Toyota GR Supra A90 Final edition көлігі тек Жапония мен Еуропа нарығына арналып шығады. Көліктің құны 142 800 еуро (қазіргі курспен 77 961 660 теңге) болмақ. Жаңа модельде 3,0 литрлік b58 қозғалтқыш болады. 

Toyota Supra спорткар
Toyota Supra спорткар / Фото:  Toyota, newsroom.toyota.eu
Сондай-ақ оқыңыз