Трамп Камала Харрис пен Хиллари Клинтонды құпия ақпаратты білу құқығынан айырды

АҚШ президенті Дональд Трамп бұрынғы вице-президент Камала Харрис пен бұрынғы Мемлекеттік хатшы Хиллари Клинтонды және өзге де Демократиялық партия өкілдерін құпия ақпаратты білу құқығынан айырды, деп хабарлайды Reuters.
Айта кетейік, Клинтон 2016 жылы, Харрис 2024 жылы Трамптың президенттік сайлаудағы қарсыласы болған. Екі сайлауда да Трамп жеңіске жеткен.
«Бұл азаматтарды құпия ақпараттан хабардар ету Ұлттық ауіпсіздік мүдделеріне сәйкес келмейді деп есептеймін», – делінген Трамп қол қойған меморандумда.
Reuters жазуынша, бұл шешім елдің саяси өміріне өзгеріс енгізбеуі мүмкін. Алайда Бұл Трамптың саяси қарсыластарынан кек алып жатқанының бір көрінісі бола алады.
Трамп меморандум Нью-Джерси штатының Бедминстер қаласындағы гольф курортына келген кезде жария болған. АҚШ президенті бұл жерде өзінің демалыс күндерін өткізетінін айтқан.
Айта кетейік, бұған дейін Трамп елдің бұрынғы президенті Джо Байденді құпия ақпаратты білу құқығынан айырып, оның барлау қызметі құжаттарын көруіне тыйым салған. Осыған дейін АҚШ-тың бұрынғы президенттері қазіргі президентке кеңес беруі үшін құпия құжаттарды көре алатын. Алайда бұл шектеуді алғаш рет Джо Байден қолданып, 2021 жылы Трампқа қарсы осындай шешім де шығарған.
Осыған дейін Трамп АҚШ Білім министрлігін тарату туралы шешім шығарған.