Жезқазғанда Наурыз сахнасын безендіруші азамат биіктен құлап қайтыс болған

Жарияланды
Жезқазғанда Наурыз сахнасын безендіруші азамат биіктен құлап қайтыс болған
Жезқазғанда Наурыз сахнасын безендіруші азамат биіктен құлап қайтыс болған / Фото: shutterstock

Ұлытау облысының орталығы Жезқазған қаласындағы әкімдіктің алдындағы алаңда Наурыз мерекесіне орай сахнаны безендіріп жүрген ер азамат сахнаның биік мұнарасынан құлап, реанимацияға түсіп, қайтыс болған. Бұл туралы өңірлік «Патриот Қарағанды» басылымы жазды.

Басылым ақпаратына сүйенсек, 14 наурызда 1970 жылғы Жанис-Лаурис Вильчинскас есімді азамат мұнараға плакат ілу кезінде 3 метр биіктіктен құлап, 4 күн реанимацияда жатып, ми жарақатынан ауруханада қайтыс болған.

Аталған факті бойынша Ұлытау облыстық полиция департаменті тергеу жұмыстарын бастап кеткен.

Патриот басылымы Жезқазған қалалық Мәдениет басқармасына жүгінгенімен, ведомство азаматтың өлімін алаңдағы жұмыстармен байланыстырмауды сұрап, оның ауруханада қайтыс болғанын атап өткен.

Айта кетейік, Семейде Жаңа жылға орай шырша орнатып жүрген мектеп мұғалімі биіктіктен құлап, жансақтау бөліміне түскен.

Сондай-ақ оқыңыз