
2025 жылғы 23 наурызға қараған түні футболдан Қазақстан құрамасы әлем чемпионаты-2026 іріктеу кезеңіндегі алғашқы кездесуін өткізеді. Біздің құрама сырт алаңда Уэльс командасымен кездеседі. Матч Кардифф қаласында өтеді және елорда уақытымен 00:45-те басталады. Ойынның тікелей көрсетілімі «Qazsport» телеарнасы көрсетеді
Қарсылас — Уэльс құрамасы
Уэльс құрамасы бұл матчқа Ұлттар линасы турнирінен кейін алғаш рет шығайын деп отыр. Соңғы алты ойында бұл команда жеңіліс көрмеген — үш жеңіс, үш тең ойын. Осындай тұрақты нәтижелер олардың бүгінгі кездесу алдында фаворит саналатынына себеп болып отыр.
Қазақстан құрамасының дайындығы
Али Алиев жаттықтыратын Қазақстан құрамасы іріктеу кезеңі басталар алдында үш жолдастық матч өткізді. Ақпанда команда өзбекстандық «Локомотивпен» тең ойнап (1:1), кейін Солтүстік Кореядан 0:2 есебімен жеңілді. Ал 19 наурызда құрамамыз Кюрасао командасын 2:0 есебімен жеңіп, оң нәтижемен жаңа кезеңге аяқ басты.