Заратустра кезеңіндегі Наурыз, татарлардың құрт-қымыз дайындау ерекшеліктері – Qalam-ның апта таңдауы

Жарияланды 22 Наурыз 2025 09:56

Айшолпан Керім

Айшолпан Керім

Наурыз логотипі
Наурыз логотипі/фото: gov.kz

Наурыз тойлаудың тарихын білесіз бе? Бұл мейрам қай ғасырдан тойланып келеді? Қымыз бен құртты кімдер, қашан әзірлей бастағаны туралы естіп пе едіңіз? Bvlgari әшекей бұйымдар әзірлегенде қандай асыл тастарды көп қолданады? Осы және өзге де қызық мәліметтерді осы аптадағы Qalam Global топтамасынан оқи аласыз.

ЗАРАТУСТРА ОСЫЛАЙ ТОЙЛАҒАН

Наурыз — Жаңа Дәуірдің бастауы

Наурыз тойы – көптеген ұлт пен ұлыстың сағына күтетін ортақ мейрамы. ЮНЕСКО-ның ұйғарымы бойынша, 2009 жылдан бері ол халықаралық мереке мәртебесіне ие болды. Наурыз Қазақстанда 21 және 22 наурызда ұлыстың ұлы күні ретінде атап өтіледі, ол Жердің жаңаруын, күн мен түннің теңелуін әрі жаңа жылдың келуін білдіреді. 

Наурызды Иран, Ауғанстан, Әзірбайжан, Тәжікстан, Татарстан, Башқұртстан, Дағыстан және Ресейдің жекелеген өңірлері, Шыңжаң, Ирактағы Күрдістан, Үндістан, Қырғызстан, Түркия, Түркіменстан және Өзбекстан елдері атап өтеді. Бұл мейрам тіпті Еуропадағы Балқан елдері — Македонияда, Албанияда, Босния мен Герцеговинада да тойланады.

Наурыз ЮНЕСКО-ның Париждегі штаб-пәтерінде алғаш рет 2015 жылы 24 наурызда тойланды. Бұл ауқымды шараны 14 елді біріктіретін, штаб-пәтері Анкарада орналасқан Түркі мәдениетінің халықаралық ұйымы ТЮРКСОЙ ұйымдастырды.

Осы аптада, яғни әз Наурыз қарсаңында Qalam Global осы мейрам туралы көлемді мақала жариялап, мейрамның шығу тарихы, оның тойлау ерекшеліктері туралы, символикасы жайлы толық ақпарат берген. 

Лисан әл-Ғайып — «Көз көрместің тілі»

«Құмбелдегі» фремендер тілінің әліппесі

Америка жазушысы Фрэнк Герберттің (1920–1986) ғылыми-фантастикалық әлемінде құмдауыт ғаламшар Арракиста (тағы бір атауы — Құмбел) өмір сүретін азат тайпалар тобын фремен деп атайды. Олар — ауыр азаптан аман қалған және Арракистің жан төзгісіз қатал табиғатына мәдениеті мен өмір салтын бейімдей білген халық. 

Оқырман фремендердің төл бейнесімен олардың ойдан шығарылған тілі және тарихы арқылы танысады. Романда сипатталған оқиғалардан мыңдаған жыл бұрын фремендер Арракиске дзенсүнниттік жиһанкездер ретінде келген екен. Бұл қуғын-сүргінге ұшыраған діни қозғалыс болатын. 

Ал сіз осы тайпаның араб тілінде сөйлесетінің білген бе едіңіз? Фремендіктер әдепкі өмірде араб тіліндегі заманауи диалектілердің өзгерген нұсқасында сөйлеседі. Олардың классикалық араб тілінен бас тартып, диалектиканы дұрыс көруінің де өзіндік себептері бар. 

Материалда «Құмбелдегі» араб тілінен алынған сөздер мен олардың фремендіктер арасындағы мән-мағынасына талдау жасалады.  Мысалы, жиһад сөзі. Бұл араб тіліндегі jihād, яғни «күш салу» немесе «күрес» деген сөзден шыққан. «Құмбелде» бұл ұғым Пол Атрейдес бастаған фремендердің қасиетті соғысын сипаттайды. Олардың басты мақсаты — Арракисті азат ету және өмірлік қағидасын қорғап қалу. Тура сол сияқты арабтың маһди сөзі де бар. Арабшадағы Mahdī деген сөз «тура жолдағы еруші» дегенді білдіреді. «Құмбелде» фремендер Пол Атрейдесті құтқарушы пайғамбар санайды, ол бүкіл халықты азат ететін, Арракисте жаңа өмір тудыратын Маһди болады деп сенеді.

Бұл – лингвистикалық тұрғыдан жасалған өте қызық, мағынаға, пайдалы ақпаратқа толы талдау

«ТАТАРЛАРДЫҢ» ҚЫМЫЗ БЕН ҚҰРТ ДАЙЫНДАУЫ

13-ғасырдағы еуропалық монахтың алған әсері

Qalam Global-да жарияланған тағы бір қызық материалдардың бірі – осы татарша әзіленетін қымыз бен құрт жайлы шығарылым. Түрлі идеология тоғысқан, алуан түрлі мәдениет тің миксі кездесетін, мың бояулы Орталық Азия – бағзы заманнан-ақ саяхатшылардың, тарихшылардың арманына айналған мекен. Орталық Азияға табаны тиген әр тұлға қолжазбаларында түрлі тың дерек қалдырып кеткен, олардың өздеріне ерекге көрінген көшпелі өмір туралы жазғандарын бүгінде тауып оқу өте қызық. Сырт елден келген саяхатшылардың өзіміз жайлы, тарихымыз туралы тұжымыдарымен жаңа ғасырда танысу да бір қызық. Qalam осы тақырып аясында арнайы мақалалар топтамасын жариялап бастады: осындай саяхатшылардың аймақтың түрлі дәуірін қамтитын және көпқырлы келбетін айшықтайтын әңгімелері мен естеліктерінен үзінділер жариялап отырады.

Сол үзінділердің бірінде фламандық франциск-монах Гильом де Рубруктың Моңғол империясы халқының аспаздық өнері туралы жазғандары бар. Бұл материалда автор қымыз қалай дайындалатынын қызықтыра баяндайды.

ЛАЛ, ЛАҒЫЛ МЕН БАСҚА ДА ЖАҚҰТТАР

Жалған тастар мен адамдар — махаббат пен араздықтың драмалық тарихы

Бұл – әшекей бұйымды, зергерлік өнерді жақсы көретін, түрлі тастан жасалған бұйымдарға қызығатын оқырман үшін тамаша олжа. 

Бұл материалда сирек кездесетін, керемет сұлу тастар туралы айталды. Мұндай тастардың әдемі әшекейге айналу жолы тәптіштеп түсіндіріледі. 

Әр ұлттың өмір салты сан алуан болғанымен, асыл тастардың тартымдылығы мен бағасы бәрінде бірдей болған. Мақала төрт бөлімнен тұрады. Онда зүбаржат, жақұт және шпинель жайлы, алмаз тастар туралы тың деректер келтіріледі. Материалда қазірде аса танымал саналатын Bvlgari сән үйінің асыл тастарды қолданудағы философиясы мен әр тастың мән-мағынасы жайлы да баянадалады.

Сондай-ақ оқыңыз