Израильдің әуе шабуылы кезінде ХАМАС ұйымның жетекшісі қаза тапты

Жарияланды (жаңартылды )
General News бөлімінің редакторы
ХАМАС жетекшісі
Израильдің Газаға әуе шабуылы кезінде ХАМАС ұйымының жетекшісі қаза тапты / Фото: shutterstock

23 наурыз, жексенбі күні, Израильдің әуе шабуылы кезінде Газаның оңтүстігінде ХАМАС ұйымының саяси жетекшісі Салах әл-Бардавил қаза тапты. Бұл туралы Reuters басылымы хабарлады.

Газаның Хан Юнис ауданына жасалған әуе шабуылы кезінде Салах әл-Бардавил әйелімен бірге қаза тапқаны айтылады.

Бір жарым жылдан астам уақытқа созылған соғыс 2 ай тыныштықтан кейін қайта жалғасты. Израиль атысты тоқтату келісімнен бас тартып, Газа аумағына тағы да әскери операциялар бастады.

23 наурызда әуеден жүргізілген шабуыл кезінде Рафах пен Хан Юниске жасалған соққылардан кем дегенде 18 бейбіт тұрғынның қаза тапқаны айтылады. Ал сейсенбі күні Израильдың ауқымды әуе шабуылы кезінде қауіпсіз орындарға кетіп үлгермеген 400 бейбіт тұрғын қаза тапты. Қаза тапқандардың дені балалар мен әйелдер екені айтылады.

Сондай-ақ оқыңыз