Алапат орман өртіне байланысты Оңтүстік Кореяда төтенше жағдай жарияланды

Жарияланды (жаңартылды )
General News бөлімінің редакторы
Южная Корея пожар лесные пожары
Оңтүстік Корея орман өртіне байланысты төтенше жағдай жариялады / Фото: Yoon Gwan-shick/Yonhap/AP Photo

Оңтүстік Корея билігі елдің оңтүстігі мен оңтүстік шығысында орман өртеніп, салдарынан төрт адам құтқарушы қаза тауып, жүздеген адам үйлерін тастап кетуге мәжбүр болғаннан кейін, төтенше жағдай жариялады. Бұл туралы Bloomberg басылымы хабарлады.

Өрт сөндірушілер жұма 21 наурыздан бастап, оңтүстіктегі Санчхон округінде басталған өртпен күресіп жатыр. Бұл өрт Оңтүстік Кореяның оңтүстігіндегі үш түрлі аймаққа тараған. 22 наурыз кешке Санчхондағы өрттің 25%-ы ауыздықталған. Салдарынан Санчхонның 260-қа жуық тұрғыны эвакуацияланған. Бұдан бөлек, оңтүстік-шығыстағы Ульсан қаласы мен оған жақын орналасқан Кёнсан провинциясының 620-ға жуық тұрғыны қауіпсіз жерге көшірілген.

Еске сала кетсек, Kursiv.Media басылымы осыған дейін Оңтүстік Кореяда өрт болып, салдарынан 4 құтқарушының қаза тауып, алты адамның ауыр жарақаттанғаны туралы жазған болатын.

Сондай-ақ оқыңыз