Оңтүстік Кореяда орман өртінен 4 адам қаза тапты

Оңтүстік Кореяда орман өрті тоқтамай жатыр. Yonhap басылымының хабарлауынша, жойқын өрт салдарынан адам қаза тапқан.
«Елдің Оңтүстік-Шығыс аймақтарындағы орман өртінің зардабы жойқын. Қатты жел салдарынан өрт күшейіп, кемінде төрт адам қайтыс болды, алты адам жарақат алды, шамамен 1500 адам эвакуацияланды», – деп хабарлайды агенттік елдің апаттарға қарсы күрес органдарына сілтеме жасап.
Қазақ тапқандар орман өртін сөндіруге барған орманшылар екені айтылады. Импичмент жарияланған президент Юн Сок Ёль орманшылардың қазасына байланысты көңіл айтқан.
«Мен орман өртімен күресу кезінде қайғылы қаза тапқан төрт өрт сөндіруші мен мемлекеттік қызметкерлердің қазасына қайғыра көңіл айтамын», – деп жазған ол өзінің әлеуметтік парақшасында.
Өрт қашан басталды?
Басылымның мәліметінше, өрт жұма күні Санчхон ауданында басталған. Бұл елдімекен Сеулден шамамен 250 шақырым қашықтықта орналасқан. Қатты желдің әсерінен өрт жылдам тарап, ауқымы үлкейіп кеткен. Өрт салдарынан жалпы 3286,11 гектар жер өртеніп кеткен. Шамамен 4600 футбол алаңына тең орман алқабына зиян тиген. Ыйсон және Санчхон елдімекендерінде 1000 гектардан астам орман алқабы өртке оранған. ады.