Бүгін – Тазару күні. Осымен Наурызнама онкүндігі аяқталды

Бүгін Қазақстанда Наурызнаманың ең соңғы күні – Тазару күні атап өтіледі. Бұл күні өңірлерде аулалар мен үйлерде тазарту науқаны жүреді.
Тазару күні – жаңа өмірге қадам басуды, қыстан көктемге өтуді білдіреді. Бүгін елдің барлық аймағында экологиялық акциялар ұйымдастырылады.
Бұл күнде тұрғын үй, аулалар тазаланып, табиғатқа қамқорлықпен қараған жөн. Тазару күні азаматтарға қоршаған ортаны қорғау туралы түсінікті кең таратып, қоғамда экологиялық мәдениетті дамытуға бағытталған.
«Наурыз мерекесі ертеден табиғат тазалығын сақтауды үндейді. Мерекенің мәні – көктемнен қысқа көшу, табиғаттың жаңа өмір бастауы осының нышаны», – деп түсіндірілген әкімдікер таратқан ақпаратта.
Айта кетсек, елде Наурыз мерекесі 10 күн бойы тойланды. Мейрам 14 күні Амал күнімен басталды.
Наурызнама онкүндігі
14-23 наурыз аралығында Қазақстанда мынадай күндер аталып өтті:
14 наурыз — «Көрісу – Амал мерекесі» (аман-саулық сұрасып, ағайынмен кездесулер және игі тілектер күні);
15 наурыз — Қайырымдылық күні (қайырымды істер күні);
16 наурыз — Мәдениет және ұлттық салт-дәстүр күні (ұлттық салт-дәстүр мен мәдениет күні);
17 наурыз — «Шаңырақ күні» (отбасы күні);
18 наурыз — Ұлттық киімдер күні;
19 наурыз — Жаңару күні;
20 наурыз —Ұлттық спорт күні;
21 наурыз — Ынтымақ күні;
22 наурыз — Жыл басы;
23 наурыз — Тазару күні.