Қазақстанның Ыстанбұлдағы консулдығы қазақстандықтарға үндеу жариялады

Жарияланды (жаңартылды )
General News бөлімінің редакторы
Түркиядағы жағдайға байланысты Қазақстанның бас консулдығы үндеу жариялады / Фото: shutterstock

Қазақстан Республикасының Ыстанбұл қаласындағы Бас консулдығы Түркияда тұратын қазақстандықтарға үндеу жариялады.

Консулдық қалыптасқан жағдайға байланысты халық көп жиналатын орындарға бармауға, шерулер мен митингілерге қатысудан бас тартуға, күшейтілген қауіпсіздік шараларын сақтауға шақырды.

Сонымен қатар қырағылық пен сақтық танытып, жаңалықтарды қадағалап отыруға, биліктің нұсқаулықтарын орындауға үндеді. Қазақстан азаматтары Түркиядағы дипломатиялық өкілдіктерімен байланыста болуы керек.

«Әеуметтік желілерде демонстрациялар (митингтер) туралы ақпаратты және ағымдағы оқиғаларға қатысты жеке бағалар мен пікірлерді таратудан бас тартуға аса назар аударамыз», – делінген консулдық хабарламасында.

Қазақстанның Түркиядағы шетелдік өкілдіктерінің жедел желі телефондары:

  • Қазақстан Республикасының Анкарадағы Елшілігі: +905352734496
  • Қазақстан Республикасының Ыстанбұлдағы Бас консулдығы: +905012621465
  • Қазақстан Республикасының Анталиядағы Бас консулдығы: +905394400522
  • Қазақстан Республикасының Измирдегі Бас консулдығы: +905530998789

Айта кетсек, Түркия соты Экрем Имамоғлыға қатысты шешім шығарды. Бұдан соң ереуілдер күшейе түсті. Түркияның әртүрлі қалаларында полиция мен демонстранттар арасында қақтығыс туындады.

Сондай-ақ оқыңыз