Түркия соты Экрем Имамоғлыға қатысты шешім шығарды. Ереуілдер әлі басылмады

Жарияланды (жаңартылды )
General News бөлімінің редакторы
Стамбул Турция протесты
Түркияда ереуілдер әлі тоқтаған жоқ / Фото: Khalil Hamra/Copyright 2025 The AP

Түркияда ереуілдер әлі басылмады. 323 адам сенбі, 22 наурыз күні қамауға алынған. Бұл туралы DW басылымы хабарлады.

«Түркияда Ыстанбұл мэрі мен оппозиция жетекшілерінің бірі Экрем Имамоғлының тұтқындалуына қарсы наразылықтар жалғасуда. Сенбі күні тағы 323 наразылық білдіруші тұтқынға алынды. Полиция ереуілдеушілеріге қарсы су атқыштар мен көзден жас ағызатын газ қолданған», – деп хабарлайды басылым.

323 дамның тұтқындалғанын елдің Ішкі істер министрі Әли Ерликая хабарлаған. Министр Ыстанбұлдың Сарачан ауданында ереуілдеушілердің полицейлермен қақтығысып, құзырлы орган қызметкерлеріне қарсы қышқыл сұйықтықтар шашқанын мәлімдеген. Ал ереуілдеушелер өздеріне қарсы травматикалық қару қолданылғанын айтқан.

Қамауға алынған Имамоғлының өзінен полиция сенбі күні бес сағаттай, ал жұма күні төрт сағатқа жуық жауап алған. Қала басшысы сыбайлас жемқорлық және Түркияда тыйым салынған Күрдістан жұмысшылар партиясын қолдауға қатысты өзіне тағылған айыптың ешбірін мойындамаған.

Содан кейін іс сотқа жіберілген. Сот қала Имамоғлыны қамауға алу туралы шешім шығарған. Прокуратура бұл іске қатысы бар тағы 89 күдіктіні қамауға алу туралы өтініш берген. Олардың сот үкіміне сәйкес тұтқындалатыны айтылған.

Айта кетсек, Ыстанбұлдағы ереуілдер 19 наурыз күні Экрем Имамоғлы қамауға алынған соң басталды. Оппозиция Имамоғлының қамауға алынуының саяси астар бар екенін мәлімдеді.

21 наурызда Түркияда наразылық күшейіп, мыңдаған адам ереуілге шықты. Анкара, Измир және Ыстанбұл қалаларында демонстранттар полициямен қақтығысты.

Сондай-ақ оқыңыз