Музыкалық фесттер: Сәкен Майғазиев және Қайрат Нұртас – алдағы аптада елімізде қандай концерттер өтеді?

Жарияланды 23 Наурыз 2025 15:00

(жаңартылды 24 Наурыз 2025 16:41)
Айшолпан Керім

Айшолпан Керім

Алдағы аптада концерттер мен фестивальдер ұйымдастырылады / Фото: shutterstock

Күн жылып, кейінгі жылдары көп ұйымдастрыла бастаған фесттер маусымы қайта басталды. Осы аптада еліміздің әр өңірінде осындай музыкалық фестивальдер өткелі тұр. Жекелеген шығармашылық кештер де жоқ емес. Kursiv. Мedia аптадағы ең қызық концерттер тізімін жинады.

Dizzy Nauryz Fest 

Алматы қаласы

24 наурыз

Фестивальдер маусымының шымылдығын Әз Наурыз мейрамының құрметіне орай ұйымдастырылып отырған Dizzy Nauryz Fest музыкалық фестивалі ашқалы тұр. 24 наурыз күні алматылықтар Наурыз тойын тойлауды жалғастырса болады.

24 наурызда Event Space Forum-да Наурыз мерекесіне арналған музыкалық фестиваль өтеді. Dizzy Nauryz Day – бұл көктем мезгілін жан тербейтін музыка мен қуатты атмосферамен қарсы алуға мүмкіндік беретін әрі Алматының өнерсүйер жастарын біріктіретін іс-шара.

Бұл күні сахна төрінде үздік жас өнерпаздар өнер көрсетпек:

– Эльдана Эрнес

– Ayau

– The Tetsoo

– The Brookln

– The Adresov

Үш сағатқа созылатын бұл фест көпке дейін есіңізде қалары анық. Кеш сағат сағат 18:00-де басталады. Билет алуға асығыңыз, ол үшін Ticketon.kz сайтына өтіңіз.

Сәкен Майғазиев

Петропавл қаласы

25 наурыз 

Сәкен Майғазиев биыл сүйікті тыңдарманымен бірге 50 жылдық мерейтойын тойлап жүр. Тойдың басы басталып та кетті. Алдағы аптада әнші мерейтойлық концертімен Петропавлдағы тыңдарманын қуантады. Бұл аналар мен аруларға арналған кеш болмақ.

Әншінің өзі бұл кеш нәзік жандарға деген алғыс, махаббат пен құрметтің нағыз мерекесі болады деп отыр. «МузАрт» тобының танымал әншісі тыңдармандарына жүрекке жылы әндерін, жан тебірентер әуендерін және жаңа шығармаларын ұсынады.

Концерт бағдарламасында сүйікті хиттер, ерекше дуэттер және тосын сыйлар бар. Кеште халықтың сүйіктісі – «МузАрт» тобы, Мәдина Сәдуақасова мен Shahrizada өнер көрсетеді.

Концерт Петропавл қаласындағы «Жастар» мәдениет үйінде өтеді. Концерттің басталуы сағат 20:00-де.

Билеттерді Ticketon.kz сайтынан таба аласыз.

Atyrau vibe

Атырау қаласы

28 наурыз

Жанар Дұғалова, 6ellucci, BAXA SM – бір сахнада өнер көрсететін керемет күн!

Бұл кеш жай ғана концерт емес, энергия мен эмоцияның шарықтау шегі болмақ. Үш түрлі стиль, үш түрлі вайб, бірақ бәрін біріктіретін бір нәрсе бар ол – музыка! Бұған қоса бұл күні сахнада бас қосатын үш орындаушы да үш түрлі жанрдың хас шебері атанған танымалдар.

Жанар Дұғалова – қазақ поп музыкасының нағыз ханшайымы. Ол өзінің қуатты вокалымен, керемет харизмасымен, танымал хиттерімен барша тыңдарманның жүрегінен орын тапты. 

6ellucci – жаңа буынның сүйіктісі! Оның тректері қазіргі буынның плейлистінде жоқ дегенге сену де қиын.

BAXA SM – стиль, креатив, сахнадағы шексіз энергетика деген ұғымдарды еске түсіретін орындаушы. 

Атыраулықтарға осындай ерекше кештен құр қалмауға кеңес береміз. Іс-шара 28 наурыз күні Атыраудағы Студенттер даңғылы, 212 мекенжайы бойынша орналасқан «Жайық» мәдени-спорт кешенінде өтеді. Басталуы сағат 18:00-де. 

Билеттерді Ticketon.kz сайты арқылы сатып ала аласыз.

Қайрат Нұртастың кеші

Тараз қаласы

26 наурыз

Қайрат Нұртас – таныстыруды қажет етпейтін, ел арасында танымал хитмен. Әншінің тек Қазақстанда емес, алыс-жақын шетелдерде де миллиондаған тыңдарманы бар.

Талай музыкалық премияда топ жарып, қазақстандық ең үздік орындаушы деп танылған Қайрат Нұртас өзінің таланты, харизмасымен жұртшылықты таңғалдырады. Оның әндері хитке айналып, концерттері үнемі аншлагпен өтеді. Оның әр бейнебаяны көп қаралым жинап, әр қимылының өзі хитке айналып кетеді.

Түрлі буынның сүйіктісіне айналған танымал әншінің кешінен қапы қалып жүрмеңіз. Кеш 26 наурызда Тараздағы Жүсіп Баласағұн атындағы мәдениет сарайында өтеді. 

Басталуы сағат 19:30-да.

Билеттерді Ticketon.kz сайтынан таба аласыз.

Shymkent Fest

Шымкент қаласы

30 наурыз

Музыкалық фесттер науқанына Шымкент те алдағы апта қосылмақ. Шырайлы шаһарда тамаша іс-шарада танымал әншілер өнер көрсетеді. Олардың қатарында Садраддин, Қазбек Құрайыш, Әмре және Raim бар. Өнерсүйер қауым үшін бұл төрт орындаушының әрқайсысы бір төбе. Әрбірінің миллиондаған тыңдарманы бар. Әрқайсысы – музыкалық чарттардың басын бермейтін абсолют хитмен. 

Осындай мықты құрам өнер көрсететін бұл фест фесттердің алды болғалы тұр. Бұл кеште лирикалық, сезімге, сырға толы ән де, билетіп әкететін ырғақты әуен де болады. Жарық та, дыбыс та кештің әсерін арттыра түседі. Шымкенттегі осынау ғаламат шоудан құр қалмаңыз. Көктемнің шуақты күндерін көңілді ән тыңдап, әдемі би билеп, көтеріңкі көңіл-күйде өткізіңіз.

Фест Шымкенттегі Металлург спорт кешенінде өтеді. Басталуы сағат 19:00-де. 

Билеттерді Ticketon.kz сайты арқылы таба аласыз.

Осы және өзге де қызық іс-шаралар туралы біліп, алдын ала билет алып үлгеру үшін Ticketon.kz сайтына өтсеңіз болады.

Сондай-ақ оқыңыз