Air Astana ұшағы Бакуге шұғыл қонуға мәжбүр болды

Air Astana әуе компаниясының «Тбилиси – Алматы» бағытындағы рейсі 24 наурызда жергілікті уақыт бойынша 00:25-те Бакудегі Гейдар Әлиев атындағы халықаралық әуежайға шұғыл қонуға мәжбүр болды. Бұл туралы компанияның баспасөз қызметінен хабарлады.
Airbus A321 ұшағының капитаны жолаушылардың бірінің жағдайы күрт нашарлауына байланысты шұғыл қонуға рұқсат сұраған. Қонғаннан кейін, жолаушыға әуежайда медициналық көмек көрсетіліп, кейін жедел жәрдем бригадасына тапсырылды. Ол әрі қарай тексеру және ем қабылдау үшін Баку ауруханаларының біріне жеткізілді.
Air Astana әуе компаниясының шешімімен Алматыға аттанатын рейс уақытша кейінге шегерілді. Қалған жолаушылар жергілікті қонақүйге орналастырылып, ұшудың жалғасуы туралы авиакомпания нұсқауларын күтеді.
Еске салайық, өткен жылдың соңында Azerbaijan Airlines әуе компаниясының Баку-Грозный бағытындағы ұшағы апатқа ұшыраған еді. 38 адам қайтыс болды. Әзербайжан тарапы апатқа әуе кеңістігін жаппаған Ресейді кінәлайды. Кремль тарапы AZAL ұшағына зымыран соққы жасағанын растады.