Қазақстан құрамасы Лихтенштейнге келді. Матчты қайдан көруге болады

Жарияланды (жаңартылды )
Business News бөлімінің тілшісі
Қазақстан ұлттық құрамасы Лихтенштейнмен ойын өткізу үшін Вадуцқа келді/ Фото: ҚФФ

Қазақстан құрамасы Лихтенштейнмен ойын өткізу үшін Вадуцқа келді. Ұлттық құрама 25-нен 26-наурызға қараған түні Вадуцта Лихтенштейн командасына қарсы ойнайды. Кездесу 2026 жылғы әлем чемпионатының іріктеу кезеңінің екінші туры аясында «Райнпарк» стадионында өтеді. Бұл матч бас бапкер Әли Әлиевтің командасы үшін алғашқы ұпайларын жинауға жақсы мүмкіндік болмақ.

Лихтенштейн – Қазақстан матчының тікелей көрсетілімі 26 наурызда Астана уақытымен 00:35-те «Qazsport» телеарнасынан көрсетіледі.

Қазақстан және Лихтенштейн құрамалары J тобында сынға түседі. Бұған дейін Қазақстан құрамасы 2026 жылғы әлем чемпионатының іріктеу кезеңіндегі алғашқы матчында Уэльске жол берді. Команда сапындағы жалғыз голды Асхат Тағыберген пенальтиден соқты.

Топта Қазақстан мен Лихтенштейннен бөлек, Бельгия, Уэльс және Солтүстік Македония құрамалары да бар. Іріктеудің алғашқы турында Бельгия құрамасы матч өткізбеген.

Сондай-ақ оқыңыз