Дәулет Тұрлыханов Азия күрес федерациясының басшылығынан кетті

Жарияланды (жаңартылды )
General news бөлімінің тілшісі
Дәулет Тұрлыханов Азия күрес федерациясының басшылығынан кетті
Дәулет Тұрлыханов Азия күрес федерациясының басшылығынан кетті/Фото: Назерке Сұлтанбектің телеграм парақшасы

ҚР Мәжілісінің депутаты. КСРО-ның еңбек сіңірген спорт шебері Дәулет Тұрлыханов Азия күрес федерациясының президенті қызметінен кетті. Бұл туралы спорт журналисі Назерке Сұлтанбек телеграм арнасында жазды.

«Дәулет Тұрлыханов екі мерзім (8 жыл) осы қызметті атқарды. Бүгін Аммандағы (Иордания) Азия чемпионаты басталарда Бас ассамблея өтіп, жаңа президент сайланды. Иорданиялық Мұхаммед Әл-Ауамала 38 елден рекордтық 34 дауысқа ие болып, 2028 жылға дейін осы орынға жайғасты. Әл-Ауамала туралы көп дерек жоқ, тек Иордания күрес федерациясының президенті екені белгілі. Десек те, күресі, жалпы спорты қатты дамымаған ел ретінде Иордания, жалпы Араб елдері үшін бұл үлкен жеңіс екені анық», – делінген журналист жазбасында.

Дәулет Тұрлыханов бұл қызметке 2017 жылы Нью-Делидегі Азия чемпионатында сайланған.

Депутат, даңқты спортшы Дәулет Тұрлыхановтың есімі соңғы кездері ұлының даулы оқиғаларына байланысты жиі аталған. Былтыр төбелестен кейін бостандығы екі жылға шектелген Нұрасыл Болат бір жарым жылға қамауға алынған. Сол кезде Дәулет Тұрлыханов «сот шешіміне ешқандай ықпал етпеймін, ұлым жазасын толық алуы тиіс» деп мәлімдеген еді.

Сондай-ақ оқыңыз