Президент Кирилл Герасименконы абсолютті чемпион атануымен құттықтады

Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев спортшы Кирилл Герасименконы үстел теннисінен абсолютті чемпион атануымен құттықтады.
Астаналық теннисші Кирилл Герасименко Президент Қасым-Жомарт Тоқаев өзін жеңісімен және Қазақстанның абсолютті чемпионы атағына ие болуымен құттықтағанын хабарлады.
Спортшы бұндай жоғары құрмет алдағы жетістіктерге жігерлендіретінін атап өтіп, жанында болғандарға алғыс айтты.
Герасименко Алматыда өткен үстел теннисінен Қазақстан чемпионатында үш алтын медаль жеңіп алып, 2025 жылғы елдің абсолютті чемпионы атанған. Ол барлық бағдарламада үздік нәтиже көрсеткен болатын.
Герасименко аралас жұпта Зәуреш Ақашевамен бірге жеңіске жетсе, ерлер жұбында Қадырәлі Қабдылуахитовпен бірге топ жарды. Жекелей сында Алан Құрманғалиевті финалда ұтып, чемпион атанды.