Жаңаөзенде сауда үйінде өрт болды
Жарияланды
(жаңартылды )

Наурыздың 24-інен 25-іне қараған түні Жаңаөзенде сауда орталығында өрт болды. Бұл туралы Маңғыстау облыстық төтенше жағдайлар департаменті хабарлады.
24 наурыз күні 23:20-де қаладағы 1-шағынауданда орналасқан әлі пайдалануға берілмеген «Заңғар» сауда үйінде өрт шыққан.
Өрттің жану аумағы – 300 м² құраған.
Өрт сөндіруге 2 шақырту бойынша техникалар мен жеке құрам жұмылдырылған. Оның ішінде ТЖД-нің 18 қызметкері мен 6 техникасы, «Семсер» қызметінің 10 адамы мен 3 техникасы тартылған.
Өрт құрбандары мен зардап шеккендер жоқ. Аталған фактіге байланысты тергеу басталған.