Алматы маңында жауыннан медициналық орталықты су басты

Жарияланды
General news бөлімінің тілшісі
Алматы маңында толассыз жауыннан медициналық орталықты су басты
Алматы маңында толассыз жауыннан медициналық орталықты су басты/Көрнекі сурет

25 наурызда толассыз жауын-шашынның салдарынан Алматы облысындағы Қотырабұлақ өзені арнасынан асып, Талғар ауданы Бесағаш ауылында жеті аула аумағы мен медициналық орталықты су басты. Бұл туралы облыстық төтенше жағдайлар департаменті хабарлады.

Алдын ала мәліметтер бойынша, су басуға өзен арнасының заңсыз тарылуы себеп болған. Тұрғындар өзеннің табиғи арнасына қоршау мен күркелер орнатқан, бұл судың өткізу қабілетін төмендеткен.

«Салдарын жою және су басудың алдын алу мақсатында Талғар ауданының Төтенше жағдайлар бөлімі жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, су басқан үйлердің жоғарғы бөлігінде арық жүйесін тереңдету жұмыстарын жүргізуде. Жұмысқа Алматы облысы ТЖД және жергілікті атқарушы органдарынан 15 адам, 5 техника және 2 мотопомпа жұмылдырылды» делінген департамент хабарламасында.

Қазіргі уақытта су ағымы тоқтатылған, заң бұзушыларды анықтау және өзен арнасының табиғи өткізу қабілетін қалпына келтіру жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Бұған дейін ауа-райы күрт нашарлап, жауын-шашын болатыны хабарланған.

Сондай-ақ оқыңыз