Жаңалықтар

Таразда құтқарушылар сауда үйінен жылан ұстады

Таразда құтқарушылар сауда үйінен жылан ұстады
Таразда құтқарушылар сауда үйінен жылан ұстады/Фото: ТЖМ

Таразда Төтенше жағдайлар департаментінің құтқарушылары сауда үйлерінің бірінен жылан ұстады.

Мән-жайы

112 пультіне қоғамдық орында бауырмен жорғалаушы жүргені туралы хабарлама келіп түседі. Құтқарушылар сауда орталығына жедел келіп, азаматтарға қауіп төндірмеу үшін арнайы құралдың көмегімен жыланды ұстап, елдімекеннен алыс қауіпсіз жерге жіберген.

ТЖМ ескертуі

ТЖМ жылан табылған жағдайда адамдарды орын-жайдан шығарып, жануарды оқшаулап, құтқарушыларды шақыруды ұсына отырып, жыланды өздігінен ұстау әрекеті қайғылы жағдайға әкелуі мүмкін екенін ескертеді.