Аптасына бір рет қана қуатталатын смартфон -OUKITEL WP33 Pro туралы не білеміз

Аптасына бір рет қана қуатталатын смартфон Қазақстан нарығында сатылып жатыр. Бұл телефон дамылсыз ұзақ істей алады.
Компания мәлімдемесі
Әңгіме жаңа үлгі – OUKITEL WP33 Pro туралы болып отыр. Ол үш күн тоқтаусыз жұмыс істейді.
Айта кететін жайт, OUKITEL брендінің негізі 2007 жылы қаланған. Компания Қытайдың Шэньчжень қаласында орналасқан. Мобильді құрылғыларды зерттеумен айналысады.
Бұдан бірнеше ай бұрын жаңа телефонның жақында ғана Қытайда таныстырылымы өтті. Ол кезде компания смартфон қуаты 1 күнге ғана жететін заман артта қалды деп жария етті.
Смартфонның артықшылығы неде?
Басты ерекшелігі — 22000 мАч батареясында. Бұл смартфонның иесі аптасына бір-ақ рет қуаттағыш іздейді. Тіпті, онымен басқа құрылғыларды қуаттап беруге де болады. Әрі смартфон, әрі пауэрбанк десек те, көп қателеспейміз.
Бұдан бөлек, өзге смартфондардан ерекшеліктері аз емес. Суға түссе немесе шаң басса да істей береді. Соққыға төзімді (IP68/IP69K). Сонымен қатар, 64 МП, 4K видео камералары бар. Жедел жады – көп смартфондардығыдай, 120 ГБ.
Трендке айнала ма?
Кейбір сарапшылар OUKITEL WP33 Pro трендке айналады деп болжам жасап отыр. Өйткені адамдарға пауэрбанк енді керек болмай қалуы мүмкін. Зілдей етіп көтеріп жүргеннен осы смартфон арқылы еркін жүргенді қалайды. Пішіне қарап, кейбір адамдар оны «жаңғақ шаққыш» деп те атап жүр.
Сатып алып үлгергендердің пікірі сан-саққа жүгіріп жатыр. Мәселен, көпшілігі «жаман телефон емес» деп жазба қалдырған.
Гәп тек аккумуляторында ғана ма?
«Мен үшін керемет смартфон. Бақшада жұмыс істеген кезде музыка тыңдаймын. Жарықты бізде жиі сөндіреді», – деп жазады бір қолданушы.
Десе де, OUKITEL WP33 Pro-ны сынаушылар да табылып отыр. Олардың пікірінше, бұл телефонның арттықшылығы тек аккумуляторында ғана.
Десе де, бұл болашақта қуаты ұзаққа жететін смартфондардың дәуірі келе жатқанын көрсетсе керек.
Мұның алдында Xiaomi 15 Ultra: бағасы, суреті және сипаты туралы жазған едік.