Батыс Қазақстанға төртінші рет әскери дрон құлады

Жарияланды (жаңартылды )
Business News бөлімінің тілшісі
Батыс Қазақстан облысыны құлаған дрондардың бірінің суреті / Фото: БҚО

Батыс Қазақстан облысының Жәнібек ауданында әскери дронға ұқсас тағы бір нысан табылды. Мұны БҚО полиция департаменті растады.

«Батыс Қазақстан облысының полиция департаменті уәкілетті қызметтермен бірлесіп, Жәнібек ауданында ұшқышсыз ұшу аппаратының бөлшектеріне ұқсайтын заттардың табылу фактісі бойынша тексеру іс-шараларын жүргізуде. Нысан елдімекендерден алыс, қашықтағы аймақта анықталды. Оқиғаның барлық мән-жайы тексерілуде», – деп хабарлады БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Еске салсақ, бұл – жыл басынан бері Қазақстанның батыс өңірінде тіркеліп отырған төртінші жағдай.

🔹 18 ақпанда Бөкейорда ауданының Ұялы ауылында дронның бөлшегі табылған.
🔹 18 наурызда Батыс Қазақстан облысының Тасқала ауданындағы Атамекен ауылы аумағына тағы бір дрон құлады.
🔹 25 наурызда Жәнібек ауданында тағы да ұшқышсыз ұшу аппаратына ұқсас зат анықталды.

Қазіргі уақытта мамандар бұл дрондардың қайдан шыққанын, олардың қандай мақсатта ұшырылғанын және Қазақстан аумағына қалай жеткенін анықтап жатыр.

Сондай-ақ оқыңыз