«Медеу» мен «Шымбұлаққа» баратын жол уақытша жабылады

Жарияланды (жаңартылды )
Business News бөлімінің тілшісі
Медеуге баратын жол жабылады/Фото:shutterstock

Алматыда халықаралық іс-шаралар өтуіне байланысты 29 наурыз күні жол қозғалысы ішінара шектеледі. Бұл туралы қалалық Полиция департаментінен хабарлайды.

Қозғалысы уақытша тоқтайтын жол учаскелері: Майлин көшесі, Құлжа трактісі, Бұқармин көшесі, ВОАД, Әл-Фараби даңғылы, Достық даңғылы, Жароков көшесі, Абай даңғылы, Сәтбаев көшесі, Назарбаев даңғылы.

Сонымен қатар 29 наурыз күні сағат 00:00-ден 14:00-ге дейін «Медеу» биік таулы мұз айдыны мен «Шымбұлақ» тау шаңғы курортына бару және кіру шектеледі. Бұл шектеу тек осы ауданда тұратын азаматтардың автокөліктеріне қатысты қолданылмайды.

«Алматы полициясы қала тұрғындары мен қонақтарын бұл уақытша шараларға түсіністікпен қарауға және кептеліс жағдайларын болдырмау үшін өз қозғалыс маршруттарын алдын ала түзетуге шақырады», – делінген хабарламада.

Сондай-ақ оқыңыз