Жамбылдағы 14 баланың неден уланғаны белгілі болды

Жарияланды (жаңартылды )
Business News бөлімінің тілшісі
Фото: ашық дереккөз

Жамбыл облысында 14 бала тамақтан уланып, ауруханаға түсті. Бұл туралы Мәжілісте өткен брифингте денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова мәлімдеді.

«Бұл ұйымдасқан ұжымда болған жаппай улану жағдайы. Улану тамақ қабылдаумен байланысты, тиісті сынамалар алынды. Стафилококк бактериясы анықталды, яғни тамақ дайындау және сақтау технологиясының бұзылуы балалардың жаппай улануына әкелді. Қазір біз заңнамаға өзгерістер енгізіп, санитарлық-эпидемиологиялық қызметтердің балалар болатын ұйымдар мен бюджет есебінен қаржыландырылатын мекемелерді бақылау механизмдерін күшейтуді қарастырып жатырмыз», – деді министр.

17 наурызда Меркі ауданындағы «Нұрай» бөбекжай бақшасында 10 тәрбиеленуші аудандық ауруханаға жеткізілген еді. 9 балаға жіті ішек инфекциясы, 1 балаға энтеровирусты инфекция диагнозы қойылды. Ауруханаға жеткізілген бір баланы денсаулығы ауыр деп бағаланып, жансақтау бөліміне жеткізілген. Кейін жағдайы жақсарғаны хабарланды.

Балабақшада Меркі аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы тексеру жүргізді. Ғимаратта залалсыздандыру жұмыстарын жүргізу үшін бөбекжай екі тәулікке жабылған.

Сондай-ақ оқыңыз