BYD автокөлікті Қазақстанның өзінде құрастырған жөн деп шешті

Жарияланды 26 Наурыз 2025 17:26

(жаңартылды 27 Наурыз 2025 10:04)
Талғат Дүйсенбек

Талғат Дүйсенбек

Business News бөлімінің тілшісі t.bukharbaev@kursiv.media
BYD өнімді көбірек сату жолдарын қарастырып жатыр / фото: REUTERS/Chalinee Thirasupa

Қытай электромобильдерін шығарушы BYD гигантты 2025 жылы шетелге 800 мыңнан аса автокөлік шығаруды көздейді. Сауданы ұлғайту үшін автоимперия өнімді сол елдің өзінде құрастырған жөн деп шешті.

Баж салығынан құтылу амалы

Электромобильді шетелдің өзінде құрастыру арқылы қытай компаниясы баж салығын айналып өткісі келеді деп жазды Reuters. Автогигант төрағасы қаржы нәтижелеріне қатысты конференцияда осылай деп мәлімдеген.

BYD Қазақстанда электромобиль ғана емес, электробус құрастыруды да көздеп отыр. Ол үшін қытайлар Алматы қаласы әкімдігімен, сонымен бірге Astana Motors компаниясымен келісімге отырған.

Ван Чуаньфудың айтуынша, әлем елдерінің үкіметтері қытай автомобильдеріне баж салығын көтеруді көздеп отыр. Сол себепті BYD өнімдерінің өтімділігін сақтау мақсатында электромобильді сол елдердің өзінде құрастыруды қалайды. Ван нақты қай елдерде электромобиль құрастыру зауыттары ашылатынын айтпады.

Қазақстан қытай автокөліктерін құрастырады

Ал Қазақстан 2025 жылы елде екі ірі автозауыт ашуды көздеп отыр.

  • Қостанай облысында 1500 жұмыс орнын қамтамасыз ететін KIA автокөліктерін шығаратын зауыт іске қосылады. Зауытта жылына 70 мың автокөлік өндіреді.
  • Алматы қаласындағы Changan, Chery және Haval маркаларының автокөліктерін шығаратын мультибрендті зауыт 3600 жұмыс орнын қамтамасыз етіп, жылына 90 мың көлік шығаруға мүмкіндігі бар.

2024 жылы BYD автогиганты шетелге 417 мың өнім сатқан.

Осының алдында BYD электромобильді бар болғаны бес минутта қуаттайтын құрылғыны таныстырды. Енді электрокардың бензинмен жүретін автомобильден ешқандай кемшілігі жоқ.

Бұған дейін Kursiv.Media Алматыда жаңа Astana Motors Manufacturing Kazakhstan мультибренд зауыты биыл жазға дейін іске қосылатынын жазған. Онда қытай автокөліктері құрастырылады.

Қазақстан отандық автомобиль нарығын қолдау мақсатында автонесие рәсімдеу шарттарын 2026 жылдың аяғына дейін жеңілдетті. 

Сондай-ақ оқыңыз