Елде сотталғандар саны көбейді. Рақымшылық туралы заң қабылдана ма

Жарияланды
General News бөлімінің аға тілшісі
Депутат рақымшылық туралы заң қабылдау қажет деп санайды / Фото:  shutterstock

Қазақстанда сотталғандар саны көбейіп барады. Түрмелер мен тергеу изоляторларында орын тапшылығы бар. Сондықтан алдағы уақытта рақымшылық туралы заң қабылдануы мүмкін. Мұндай пікіріді Мәжіліс депутаты  Абзал Құспан айтты.

Мәжілісменнің айтуынша, депутаттар бұған дейін сотталғандарға рақымшылық жасау туралы ІІМ-ге сауал жолдаған.

«Ішкі істер министрлігі депутаттармен келісетіні жайлы және оларға жеңілдік, яғни рақымшылық жасауға байланысты өздерінің позицияларын білдірді. Жақын арада шешімін табады деп ойлаймын. Әйел адамдар ғана емес, басқа да әлеуметтік аз қорғалған азаматтарды да қамтиды деп ойлаймын» – деп мәлімдеді депутат мәжіліс кулуарында. 

Абзал Құспан алдағы уақытта рақымшылық туралы заң қабылдануы мүмкін екенін айтады. Өйткені түзеу мекемелерінде сотталғандар саны жыл сайын көбейіп барады.

«Оған қосымша бір себеп, жалпы бас бостандығынан айыру орындарында  сотталғандар саны  беліленген межеден асып бара жатыр.  Орташа есеппен алғанда 4-5 жыл сайын  жариялап тұрмыз, сол саясаттың жалғасы болады деп есептейміз»– деді Абзал Құспан.

Айта кетейік, Қазақстанда 78 қылмыстық-атқару жүйесі мекемесі жұмыс істейді. Онда 37 мыңнан астам сотталған жазасын өтеп жатыр, оның 3 мыңға жуығы әйелдер және 50-ден астамы кәмелетке толмағандар. 93%-ы ауыр және аса ауыр қылмыстар үшін сотталған адамдар. Бұл ретте сотталғандардың 45%-ы бұрын қасақана қылмыс жасағаны үшін сотталған адамдар.

Ал заң нормалары қатайғаннан кейін, соңғы 4 жылда түрмедегі адамдардың саны 7 мыңға өскен. Бұл 2024 жылдың дерегі.

Қаңтар айының аяғында депутат Қарақат Әбден түрмеде жазасын өтеп жатқан әйелдерге жазасына қарай амнистия жариялауды ұсынған болатын.

Ал Ішкі істер министрі Ержан Сәденов ауырлығы аз және орташа қылмыстары үшін сотталған 1220 әйел жазасынан босатылуы мүмкін екенін мәлім етті

Сондай-ақ оқыңыз