Алдағы жылдары жергілікті тұрғындар мен мигранттар арасында әлеуметтік шиеленіс туындауы мүмкін

Жарияланды
General news бөлімінің тілшісі
Алдағы жылдары жергілікті тұрғындар мен мигранттар арасында әлеуметтік шиеленіс туындауы мүмкін
Алдағы жылдары жергілікті тұрғындар мен мигранттар арасында әлеуметтік шиеленіс туындауы мүмкін/Фото: shutterstock

Қолданбалы этносаяси зерттеулер институты қолданбалы зерттеулер орталығының директоры Ғали Дінмұхаммед соңғы екі жылда қарқын алған иммиграциялық процестерге назар аударуға шақырды. Оның айтуынша, мәселеге қазірден мән бермесе, алдағы уақытта жағдай шиеленіске әкеліп соғуы мүмкін.

Ғали Дінмұхаммед кейінгі екі жылда Тәжікстан, Өзбекстан мен Ресейден ірі миграция байқалып отырғанына назар аударды.

«Олар негізінен ірі мегаполистерге шоғырлануда. Қазіргі уақытта жағдай тұрақты болып тұрғанымен, алдағы уақытта сырттан келген мигранттар мен жергілікті халық арасында әлеуметтік шиеленістер туындау қаупін жоққа шығаруға болмайды. Аталған демографиялық өзгерістермен қатар, белгілі бір әлеуметтік қиындықтар да байқалуда«, – деді ол.

Ғалым мұндай қиындықтар қатарына қоныс аударушылар арасында тіркелудің болмауын, білім беру, медициналық қызметтерден шектелуін, бейімделу деңгейінің төмендігін, жергілікті тұрғындармен әлеуметтік қашықтықтың сақталуы қосты.

Ғали Дінмұхаммед ішкі көші-қон әлеуметтік даму, инфрақұрылымдық жоспар үшін маңызды фактор екенін атап өтіп, осы бағытта үйлесімді саясат жүргізудің қажеттігін айтты.

Ол осы ретте демография мен миграцияны реттейтін бөлек мемлекеттік орган құруды немесе миграциялық саясатты реттеумен айналысатын мемлекеттік қызметтердің өкілетін күшейтуді ұсынды. Сондай-ақ өңір арасындағы миграциялық статистикаға өзбек, дүнген, ұйғыр, украин, корей сияқты этностар бойынша деректерді енгізуге шақырды.

Бұған дейін Қазақстан азаматтығын алып жатқандар арасында кімдер бары туралы жазғанбыз.

Сондай-ақ оқыңыз