Қытай сарапшылары ең сапалы автокөлік брендтерін атады. Нәтижесі таңғалдырады 

Жарияланды 27 Наурыз 2025 08:36

(жаңартылды 28 Наурыз 2025 14:52)
Еңлік Нұрболат

Еңлік Нұрболат

автор
4 пайыздық автонесие
Ең сапалы автокөлік брендтері қандай? / Коллаж: kursiv.media, бильд-редактор: Ахтам Зиперов

Қытай сарапшылары ең сапалы автокөлік брендтерінің жаңа рейтингін жариялады. Бірінші орынды Voyah иеленді. Бұл Dongfeng автоконцернінің премиум-санаттағы электр және гибридті көліктер өндіретін еншілес бренді. Зерттеу Қытай әкімшілігі қолдауымен құрылған Автокөлік сапасы желісі аясында жүргізілді және көлік иелерінің нақты пікірлеріне негізделді.

Рейтинг нәтижелерінен Қытай автоөндірісінің сапасы қарқынды түрде жақсарып келе жатқанын аңғаруға болады. Алғашқы бестікке бірден үш қытайлық бренд енсе, ал ондықта одан да көп жергілікті өндірушілер бар. Алайда Қазақстанда танымал кейбір қытайлық брендтер рейтингте төменгі орындарда қалды.

Рейтинг қалай жасалды?

Зерттеу әдістемесі көлік иелерінің шағымдары негізінде құрылды. Брендке қатысты қаншалықты аз шағым түссе, соғұрлым сапалы деп танылды.

Рейтингтің үздік нәтижелері:

  • 1 орын — Voyah (153 ұпай)
  • 2 орын — Honda (156 ұпай)
  • 3 орын — Volvo (157 ұпай)
  • 4 орын — GAC Hyptec
  • 5 орын — Wey

Алғашқы ондыққа GAC Trumpchi, Cadillac, Audi және GAC Aion да кірді. Volkswagen және оның еншілес бренді Jetta рейтингтің жоғарғы жағында тұр.

Дегенмен кейбір қытайлық өндірушілерге шағым көп түскен. Ал Changan Nevo, BYD YangWang, Landian, M-Hero, Zeekr және BAIC орташа нәтижелерге ие болды.

Қазақстанда танымал қытайлық брендтер қандай орындарға ие болды?

Қазақстан нарығында кең таралған брендтер рейтингте орташа және төмен көрсеткіштерге ие болды:

  • Geely – 27-орын
  •  Haval – 42-орын
  • Chery – 51-орын

Салыстыру үшін: Geely – 199 ұпай, Haval – 226, ал Chery – 244 ұпай жинаған, бұл көшбасшыларға қарағанда төмен көрсеткіш.

Қытай автоөндірісі жаңа деңгейге көтерілуде

Бұл рейтинг Қытай автокөлік индустриясының сапасы соңғы жылдары айтарлықтай артқанын дәлелдейді. Осыдан 10–15 жыл бұрын қытайлық автомобильдер әлемдік бәсекелестерінен сапа және сенімділік жағынан артта қалған. Алайда соңғы уақытта Қытай үкіметі автомобиль өндірісіне үлкен инвестиция салып, халықаралық нарықтағы позициясын нығайтуда.

Voyah – осы жетістіктің айқын мысалы. 2020 жылы құрылған бұл бренд премиум сегментке бағытталған жәнеқазіргі таңда сапа бойынша көшбасшылардың бірі. Оның модельдері жаңашыл технологияларды, жоғарысапалы жасақтаманы және экологиялық таза гибридті-электрлік қозғалтқыштарды ұсынады.

GAC Hyptec пен Wey де осындай жоғары көрсеткішке ие. Бұл брендтер заманауи технологиялар мен сапалытехнологияларға баса назар аудара отырып, әлемдік автоөндірушілермен бәсекеге түсуде.

Honda мен Volvo көшбасшылар қатарында

Қытайлық брендтердің жоғары рейтингтеріне қарамастан, Honda және Volvo 2 және 3-орындарды иеленді. Бұл олардың сенімділік пен сапаға негізделген беделін растайды.

  • Honda – жылдар бойы сенімділігімен танылған бренд. Оның Қытайдағы өндірістік зауыттары жергілікті нарыққа бейімделген жоғары сапалы көліктер шығарады.
  • Volvo, қазір Geely концернінің құрамында болғанымен, электромобильдер мен гибридтерді белсенді дамытып, қауіпсіздік пен өндіріс сапасына ерекше назар аударады.

Бұл брендтер Қытай нарығындағы жоғары бәсекелестік жағдайында өз сапасын сақтап қала алды.

Қытайлық электромобильдердің сапасы: Zeekr 001 қайтадан назарда

Айта кету керек, өткен жылдың тамыз айында Қытай сарапшылары ең сапалы электр және гибридті көліктердің рейтингін жариялады. Ол кезде Zeekr 001 ең үздік модель болып танылды.

Zeekr – Geely концернінің премиум электрлі көлік бренді. Ол Tesla-ға балама ретінде ұсынылып, ұзақ қашықтыққа жүру мүмкіндігімен, заманауи дизайнымен және қуатты қозғалтқыштарымен ерекшеленеді.

Алайда қазіргі рейтингте Zeekr бренді орта деңгейде қалды, бұл оның сапа бойынша әлі де жетілдіруді қажет ететінін тұсының көп екенін көрсетеді.

Қытайлық автоөндірушілер әлемдік брендтерге сын қатер төндіре ме?

Жаңа рейтинг қытайлық автомобильдердің сапасы жылдан-жылға жақсарып келе жатқанын көрсетті. Бұрын премиум сегментті тек батыс брендтері иеленетін болса, қазір қытайлық автоөндірушілер де осы нарықта өз орнын таба бастады.

Қытайлық сатып алушылар Voyah, GAC Hyptec және Wey брендтеріне көбірек сенім арта бастады. Электрокөліктер нарығында Zeekr, BYD және GAC Aion жетекші орындарға көтерілуде.

Сонымен қатар, Қазақстанда танымал Geely, Haval және Chery брендтері әлі де жетілдіруді қажет етеді.

Алдағы жылдары қытайлық және әлемдік брендтер арасындағы сапа айырмашылығы азаяды деген болжам бар. Бұл тек Қытай нарығында ғана емес, бүкіл әлем бойынша бәсекелестікті күшейтеді.

Еске сала кетсек, бұған дейін авто нарықтағы дәстүрлі көшбасшылар сатылымның төмендей бастағанын хабарлаған болатын. Бірақ қытайлық брендтер емес. Олар позицияларын нығайтып келеді. 

Сондай-ақ оқыңыз