Израиль шабуылы кезінде «Хезболлаға» тиесілі бөлімше жетекшісі қаза тапты

Израильдің қорғаныс күштерінің шабуылы кезінде Ливанның оңтүстігінде «Хезболла» қозғалысының элиталық бөлімшесі «Әл-Хаджи Радван» батальонының жетекшісі Ахмад Аднан Бажиги қаза тапты. Бұл туралы Ynet басылымына сілтеме жасап, Интерфакс хабарлады.
«Соғыс кезінде бұл террорист ЦАХАЛ әскеріне қарсы шабуылдарды ұйымдастыруға бұйрық берді. Ол Израильге жасалған лаңкестік шабуылдарды басқарып, ел азаматтарының өміріне қауіп төндірді», – деп мәлімдеген Израильдің қарулы күштері.
ЦАХАЛ ұйым жетекшісінің Дердгайя аймағында ұшқышсыз ұшақ көмегімен өлтірілгенін атап өткен.
Айта кетсек, 2024 жылдың күзінде Ливан мен Израиль атысты тоқтату туралы келісімге келген болатын. Оған сәйкес «Хезболла» ұйымы шекараға жақын аймақта инфрақұрылымдарға әскер орнатпауы керек болатын. Нетаньяху сол кезде ұйымға ескерту жасап, ұйым қарулана бастаса, атысты қайта бастауға дайын екенін мәлімдеген еді.