
Енді әлем чемпиондары мен Олимпиада және Паралимпиада чемпиондарының жаттықытырушыларына мемлекеттік бюджеттен қаражат төленуі мүмкін. Тиісті заң Сенатта талқыланып, екінші оқылымда мақұлданды.
Заңға сәйкес, жоғары жетістіктер спортына жататын басым спорт түрлері бірінші кезектегі тәртіппен қаржыландырылады, спорттың ойын түрлері бойынша кәсіби спорт клубтарын ұстауға лимиттер белгіленеді. Ал республикалық және өңірлік спорт федерацияларын ұлттық спорт федерацияларына өзгертіледі. Заңның бір ерекшелігі Қазақстан Республикасының азаматтығы жоқ спортшыларға яғни легионерлерді бюджет қаражаты есебінен қаржыландыруға тыйым салынады.
Заң спортшылардың мамандандырылған медициналық көмек көрсетуді көздейді. Бұл орайда спортшылардың жаттықтырушылары да назардан тыс қалмайды. Яғни талқыланып жатқан заңға сәйкес спортшылар мен жаттықтырушыларға да Мемлекеттік әлеуметтік қолдау көрсету тәртібіне де өзгерістер енбекші.
«Қазақстан азаматы саналатын және еліміз аумағында дене шынықтыру және спорт саласында кемінде жиырма жыл еңбек өтілі бар, Олимпиада, Паралимпиада, Сурдлимпиада ойындарының чемпиондары мен жүлдегерлері және олимпиадалық спорт түрлері бойынша Әлем чемпиондары атақтарын жеңіп алған спортшыларды дайындаған жаттықтырушылар материалдық қамтамасыз етіледі», – деді Әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитетінің мүшесі Әсем Рахметова.