Деметриус Джонсон Шавкат Рахмоновқа кім төтеп бере алатынын айтты

Деметриус Джонсон жеңіл салмақтағы чемпион Ислам Махачевті әлемнің ең мықты жауынгері деп атады. Демек Шавкат Рахмоновқа қарсы тұра алады.
UFC-дің бұрынғы жеңіл салмақтағы чемпионы салмақ дәрежесі маңызды еместігін де ескерте кеткен.
«Ол – әмбебап»
Vringe ақпаратына қарағанда, Деметриус Джонсонның ойынша, қазіргі таңда Ислам Махачевке тең келетін ешкім жоқ. Салмағына қарамастан, жер бетіндегі ең үздік файтер екенін алға тартқан.
«Ол тұрып айқасуда керемет жұмыс істейді. Мықты күресе де алады. Дзюдо және джиу-джитсу техникасы да жоғары деңгейде. Ол — әмбебап. Мен үшін ол – pound-for-pound-тегі ең үздік спортшы. Джон Джонс – одан кейінгі орында. Өйткені ол да бәрін жасай алады», – дейді Джонсон.
Орта салмақта өнер көрсете ме?
Деметриус Джонсонның айтуынша, ресейлік чемпион жартылай орта салмақта да сәтті өнер көрсету үшін қажетті барлық қасиетке ие.
«Мен Исламмен бірге жаттыққанда, оның қаншалықты ірі екенін байқадым. Ойымша, ол жартылай орта салмақта да бәсекелесе алады. Жалғыз қиындық — габарит жағынан айырмашылық», – деді Джонсон.
UFC-дің бұрынғы чемпионының пайымдауынша, оның шеберлігі, қарсыласын нокаутқа жіберу немесе қылқындыру арқылы жеңу мүмкіндіктері зор.
Шавкатпен кездесе ме?
«Бұл дивизионда да жетістікке жетуге толық әлеуеті бар», – дейді Джонсон.
Айта кететін жайт, жартылай орта салмақта жеңіліп көрмеген қазақстандық Шавкат Рахмонов өнер көрсетеді. Махачев осы салмаққа өтсе, Рахмоновпен шаршы алаңда кездесуі мүмкін.
Шавкат Рахмоновтың UFC чемпиондығы үшін таласпайтынын жазған едік.