Астана қаржы орталығы Tabys инвестициялық қосымшасының акциясын Teniz Capital-ға сатты

Жарияланды
Business News бөлімінің тілшісі
Фото: коллаж Kursiv Media, бильд-редактор Ахтам Зиперов

Астана халықаралық қаржы орталығы (АХҚО) Tabys инвестициялық мобильді қосымшасының 49% акциясын Teniz Capital Brokerage LTD брокеріне сатқанын хабарлады.

Мәміленің нақты құны белгісіз. Бірақ қосымшаның қалған үлесі қаржы орталығының өзінде қала береді.

Осы келісім арқылы енді инвестициялық қосымшаға AIX-та листингтен өткен акциялар мен облигациялар, басқа да қаржы құралдары қосылады. Tabys-тың бас директоры Жарас Мұсабековтің түсіндіруінше, алдымен инвесторлар арасында ең танымал қаржы құралдарын қоспақшы.

Қосымшаны бақылау құқығы АХҚО-да қалады, ал клиенттердің шоттары бұрынғыдай AIX-тың Орталық бағалы қағаздар депозитарийінде (AIX CSD) сақталады.

Tabys-ты сатып алған Teniz Capital Brokerage LTD – АХҚО-да тіркелген Teniz Capital Investment Banking-тің еншілес құрылымы. Ол 2023 жылдың тамызында АХҚО-да тіркелген. Жеке инвесторларға қызмет көрсетуге және оларды шетелдік қор нарықтарына шығуға мүмкіндік беруге бағытталған.

Teniz Capital Brokerage LTD-нің жалғыз иесі – Сәкен Үсер. Ол 2023 жылдың сәуірінде RESMI инвестициялық компаниясын сатып алған.

Tabys қосымшасы арқылы алтын құймаларын немесе Ұлттық Банк шығарған Gold Coin цифрлық инвестициялық монеталарын сатып алуға болады. Қазіргі алтын құймаларының бағасы және оны қалай сатып алуға болатыны жайлы мына жерден оқи аласыз.

Сондай-ақ оқыңыз