
Ұлттық банк 28 наурыздан бастап ежелгі сақ үлгісімен безендірілген құны 1 мың теңгелік банкнотаны айналымға шығарады.
Қадағалаушы мекеме мәліметінше, бұл сақ үлгісімен сәнделген төртінші жаңа банкнота болғалы тұр.
Жаңа банкноталар жаппай қолданысқа жылдың екінші жартысында ғана беріле бастайды. Себебі оларды аймақтарға жеткізу үшін, жабдықтарды (банкоматтар, терминалдар және басқа да кассалық техникалар) бейімдеу үшін қосымша уақыт қажет.
Банкноталардың түсі – қоңыр және ашық қоңыр. Бет жағында көте қалықтап ұшқан құс пен «өмір ағашының» бұтағы бейнеленген. Есік қорғанында табылған Алтын адамның бас киімінде осындай ою бар. Ал көне тартпа Бесоба қорғанында табылған.
Бір мың теңгелік банкнотаның екінші бетінде төбет пен тазы тұқымдас иттер бейнеленген.