АИТВ жұқтыру оқиғасынан кейін қызметтен кеткен Иран Шаметеков қайтадан басқарма басшысы болды

Екі жыл бұрын Алматыда үш науқастың АИТВ жұқтыру оқиғасынан кейін отставкаға кеткен Иран Шаметеков қайтадан мемлекеттік қызметке оралды. Енді ол Павлодар облысының Денсаулық сақтау басқармасын басқарады. Оның тағайындалуын аймақ әкімі Асайын Байханов мақұлдады.
Шаметеков бұған дейін Алматы, Қызылорда облыстарының денсаулық сақтау басқармаларында және ҚР Денсаулық сақтау министрлігінде басшылық қызметтер атқарған.
2023 жылы Алматыдағы Орталық клиникалық ауруханада үш науқас инвазивті процедуралар кезінде АИТВ жұқтырған. Сол уақытта қаладағы денсаулық сақтау саласын Иран Шаметеков басқарған болатын. Осы жанжалдан кейін аурухананың бас дәрігері Нариман Табынбаев қызметінен шеттетілген еді. Ал Шаметековтың лауазымдық мансабы Денсаулық сақтау министрлігінде жалғасты.
Бұған дейін, 2020 жылы, Иран Шаметеков карантин тәртібін бұзғаны үшін айыппұл төлеген. Сондай-ақ оның есімі Қызылорда облысында бюджет қаражатын жымқыруға қатысты дау мен Алматының денсаулық сақтау басқармасында сыйақы талап ету ісіне байланысты жанжалдарда аталған.
Естеріңізге сала кетсек, 2023 жылы маусым айында АИТВ-ның 3 жағдайы анықталған Орталық клиникалық ауруханада жоспардан тыс тексеру басталған болатын.
Тексеру барысында барлық пациенттің 2023 жылдың сәуір айында ОКҚА-ның бірнеше бөлімшелерінде медициналық көмек алғаны анықталды.