Алматыдағы Көктөбеде маңында өрт шықты (видео)
Жарияланды
(жаңартылды )

Алматыда Көктөбе маңындағы екі қабатты жеке тұрғын үй өртке оранды. Нақтыланған мәліметтер бойынша Медеу ауданы Жәнібеков көшесі бойындағы жаңадан салынып жатқан 2 қабатты тұрғын емес үйдің шатырында өрт шыққан.
«17:45-те ТЖД күштері мен құралдары Медеу ауданында, Жәнібеков көшесінде орын алған өртті сөндіруге кірісті. Алдын ала мәлімет бойынша, үйдің шатыры өртеніп жатыр», – деп хабарлады ТЖД.
Белгілі болғандай, бұл – әлі пайдалануға берілмеген, құрылысы жүріп жатқан үй. Өрт сөндірушілер шамамен бір сағат ішінде жалынды оқшаулады.
ТЖМ өрттің ауданы анықталып жатқанын хабарлады.