Ұялы байланыс құрылғыларын тіркеу ережелері өзгерді. Қандай телефондар бұғатталады?

Жарияланды (жаңартылды )
General News бөлімінің аға тілшісі
Енді тіркелмеген телефондар бұғатталады / Колаж: kursiv.media арихві

 25 наурыздан бастап Қазақстанда абоненттік құрылғыларды тіркеу ережелеріне енгізілген өзгерістер күшіне енді. Қандай телефондар бұғатталады? Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі түсіндірді.

Министрлік, бұл өзгерістер тек елге 25 наурыздан кейін әкелінген құрылғыларға ғана қатысты екенін ескертті. Албұған дейін Қазақстанда жұмыс істеп тұрған барлық мобильді телефон автоматты түрде «ақ тізімге» енгізіледі және ешқандай шектеусіз жұмысын жалғастыра береді.

 «Жаңа талаптарға сәйкес, елге алғаш рет әкелінетін барлық мобильді құрылғылар міндетті түрде GSMA халықаралық деректер базасында, сондай-ақ мемлекеттік салық және кедендік жүйелерде верификациядан өтуі тиіс. Бұл құрылғының өндіруші мәлімдеген сипаттамаларға сәйкестігін, елге заңды жолмен әкелінгенін және растайтын құжаттардың болуын, сондай-ақ IMEI-кодтың жоғалған, ұрланған немесе бұғатталған құрылғылар базасында бар-жоғын тексеруді көздейді»,- делінген хабарламада.

Верификациядан келесі тұлғалар өтуі тиіс:

  • импорттаушылар – елге әкелінетін барлық құрылғылар бойынша;
  • жеке тұлғалар – егер құрылғы бұған дейін Қазақстанның ұялы байланыс желісінде қолданылмаған болса;
  • авторизацияланған сервис орталықтары – техникалық себептерге байланысты IMEI-кодты ауыстыру болған жағдайда.

Ведомство көрсетілген мерзім аяқталғаннан кейін заңдастырылмаған құрылғыларға ұялы байланыс қызметтерін пайдалану шектелетінін мәлім етті.  Сонымен қатар, желіге алғаш қосылғаннан кейін 30 күн ішінде тіркеуден өтпеген құрылғылар қара тізімге енгізіліп, бұғатталатын болады.

Сондай-ақ оқыңыз