Қытай Трамптың шартына келіспесе, АҚШ-та TikTok-ты бұғаттауы мүмкін

Жарияланды
Business News бөлімінің тілшісі
Фото: shutterstock

АҚШ президенті Дональд Трамп Қытайға TikTok қосымшасын сатуға қатысты мәміле жасау үшін баж салығын төмендетуге дайын. Бейжіңмен келісімге келу үшін 5 сәуірге дейін уақыт беріп отыр.

«TikTok бойынша Қытай бұл мәселеде өз рөлін атқаруға мәжбүр болады. Менің ойымша, олар келісімді мақұлдайды. Мүмкін, мен оларға кішкене баж салығын төмендетемін немесе осыған ұқсас нәрсе жасаймын», – деді Трамп журналистерге.

ByteDance компаниясының АҚШ ұлттық қауіпсіздігіне байланысты TikTok-ты Қытайдан тыс сатып алушыға сатуы үшін 5 сәуірге дейін уақыты бар.

Вашингтон TikTok-тың ByteDance-ке тиесілі болуы компанияны Қытай үкіметіне тәуелді етеді деп алаңдайды. Сондай-ақ Қытай билігі бұл қосымшаны АҚШ-қа ықпал ету үшін немесе америкалықтардың жеке деректерін жинау мақсатында пайдалануы мүмкін деп санайды.

Бұған дейін Трамп Қытайдан келетін барлық тауардың баж салығын 20%-ға көтерген еді. Президенттік қызметіне кіріскен алғашқы күнінде ол Қытай TikTok-ты сату жөніндегі АҚШ-тың келісімін мақұлдамаса, қосымша баж салығын енгізуі мүмкін екенін ескерткен. Бірақ қосымшаның иесі, қытайлық ByteDance компаниясы, оның сатуға ниеті жоқ екенін мәлімдеген.

Сондай-ақ оқыңыз