Қызылорда әуежайында билеттерді сату кеңсесі жұмысын тоқтатады

Жарияланды
General News бөлімінің тілшісі
Қызылорда әуежайында билеттерді сату кеңсесі жабылады / фото: shutterstock

1 сәуірден бастап Қызылорда қаласындағы әуежайда орналасқан әуе билеттерін сату кеңсесі өз жұмысын ресми түрде тоқтатады. Бұл туралы Air Astana әуе компаниясы мәлімдеді.

Компания өкілдерінің айтуынша, басқа қалалардағы әуе билеттерін сату кеңселері туралы толық ақпаратты Air Astana cайтында табуға болады.

Кез келген сұрақ туындаған жағдайда жолаушыларға Брондау және ақпарат орталығына хабарласу ұсынылады.

Air Astana әуе компаниясы жолаушылардың ыңғайы үшін қашықтан қызмет көрсету мүмкіндіктерін ұсына отырып, сапалы сервисті жалғастыруға ниетті. 

Сондай-ақ оқыңыз