Тоқаев Алматыда Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёевпен бейресми кездесу өткізеді
Жарияланды

29 наурызда Алматы қаласында Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёевтің бейресми кездесуі өтеді. Бұл туралы Ақорда ресми түрде хабарлады.
Келіссөз барысында тараптар стратегиялық серіктестік пен одақтастық қатынастарды одан әрі нығайтудың жолдарын, сондай-ақ өңірлік өзекті мәселелерді талқылауды жоспарлап отыр.
Сонымен қатар, президенттер Алматыдағы бірқатар нысандарды аралап көреді. Атап айтқанда, қос мемлекет көшбасшылары жасанды интеллектке арналған заманауи көрмені тамашалайды.