«ҚТЖ-Жүк тасымалы» кімнің мүддесін қорғайды – компания жұмысынан олқылықтар анықталды

Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі «ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС-не тексеріс жүргізген. Нәтижесінде компанияның HILL Corporation ЖШС-мен бәсекелестікке қарсы келісім жасап келгенін анықтаған. Бұл туралы агенттіктің баспасөз қызметі хабарлады.
Агенттік тергеп-тексеру барысында «ҚТЖ-ЖТ» компаниясы HILL Corporation ЖШС-мен локомотивтерге арналған мотор майларын сатып алу үшін жалпы құны 12 млрд теңгеге келісім жасағанын анықтаған.
«ҚТЖ-ЖТ» әлеуеті жететін жеткізушілерді лайықты көрмей, аталмыш компанияға лайықтап, арнайы шарттар қолданған. Локомотивтерге арналған мотор майларын жеткізу келісімнің жалпы сомасы 12 млрд теңгеден асқан.
«Бұл олардың сатып алу конкурстарына қатысуына кедергі келтіріп, басынан-ақ HILL Corporation компаниясының мүддесіне жұмыс істеуіне бағытталған әрекеттерді айқындады», – делінген баспасөз хабарламасында.
Аталмыш компания агенттіктің тергеп-тексеру нәтижелерінің негізсіз екенін алға тартып, сотқа шағым түсірген. Бірақ 2025 жылдың 11 наурызында Жоғарғы Сот «ҚТ-ЖТ» ЖШС-не қатысты агенттіктің әрекеттерін заңды деп тапқан.
«HILL Corporation» ЖШС мен «КТЖ-Жүк тасымалдау» ЖШС қатысты Агенттік тергеп-тексеруінің заңды екені туралы шешімдері өз күшіне енді», – деп хабарлайды агенттік.
Egov порталындағы мәліметтерде «HILL Corporation» ЖШС-ның құрылтайшысы ретінде Дулат Қожамжаров көрсетілген. Ал Дулат Қожамжаров Форбстың 2024 жылғы нұсқасы бойынша Қазақстандағы ең бай кәсіпкерлері қатарына кіреді. Сондай-ақ кәсіпкер 2019 жылға дейін Бас прокурор қызметін атқарыған одан кейін Сенат депутаты болған Қайрат Қожамжаровтың туған бауыры.