Әзербайжанның Имишли ауданында жер сілкінді

Жарияланды (жаңартылды )
Әзербайжанның Имишли ауданы да тербелді/фото: KursivMedia мұрағаты
Әзербайжанның Имишли ауданы да тербелді/фото: KursivMedia мұрағаты

Бүгін Әзербайжанның Имишли ауданында 3,4 магнитудада жер сілкінісі болды. Бұл жайлы сейсмологиялық қызмет орталығы хабарлады.

Report ақпаратына қарағанда, зілзала Имишли ауданында, Саатлы станциясынан 11 шақырым солтүстікте тіркелген.

«Жерасты дүмпулері сезілген жоқ», – деп хабарлады орталық.

Әзербайжанның Имишли ауданынан бөлек, жер сілкінісі бір тәулікке әлемнің әр бөлігінде болып, бірталай елді әбігерге салып отыр. Қазақстан мен Қырғызстанда екі мәрте жер сілкінген. Тараз қаласында 4 балл сезілген.

Сонымен қатар Оңтүстік-Шығыс Азия елдерінде қатты жер сілкініс болды. Мьянма мен  Таиландта 8 балға жуықтаған. Зәулім үйлер мен көпірлер құлап, әуежайлар жұмысын тоқтатуға мәжбүр болды. Қаза тапқандар мен зардап шеккендердің тізімі әлі нақтыланып жатыр.

Ал енді Әзербайжанның Имишли ауданында жер қыртысының тербелуі сезіліп отыр.  

Сондай-ақ оқыңыз