Lifestyle

Ay Yola тобы қазақтарға ерекше алғыс білдірді (видео)

Ay Yola тобының «Хомай» әні Қазақстанда хитке айналған еді./фото: AY YOLA / Vk.com
Ay Yola тобының «Хомай» әні Қазақстанда хитке айналған еді./фото: AY YOLA / Vk.com

Хомай әнімен танымал болған башқұрттың Ay Yola тобы ұлттық аспаппен «Балбырауын» күйі орындап, қазақ халқына алғыс білдірді.

«Қазақ халқына көп рахмет айтамын. Бұл – туысқандардың нағыз көмегі! Бізге репост, лайк және комментарий арқылы қолдаған барлық халықтарға ән арнаймыз. Әлемдік чарттарды түркі музыкасымен жарып өтейік», – деп жазды топтың өкілі Ринат.

Қазақтарда қалыспай, башқұрт өнерпаздарының еңбегіне зор баға беріп отыр.

«Ay Yola тек музыка жасап жатқан жоқ. Олар түркі халықтарының арасындағы байланыс орнатуда. Ырду-дырдуы көп әлемде олардың шығармашылығы бізге тамырымыздың бір екенін, бірлік жайлы ескертеді», – деп баға берді қазақстандық желі қолданушыларының бірі.

Башқұртстандық Ay Yola тобының «Хомай» әні қазақстанда хитке айналды. Көне жырдың негізіндегі мәтін мен ғасырларды бейнелейтін сазы әлеуметтік желіде қазақстандықтарға қатты ұнағаны байқалды.