Ту дауы: билік Wildberries пен Ozon-ды жазалауды талап етті

Жарияланды (жаңартылды )
Business News бөлімінің тілшісі
Қазақстан билігі туға қатысты дауға араласты / коллаж: Kursiv.Media, бильд редактор Милош Муратовский

Мәдениет министрлігі ІІМ-ге хат жазып, арабша жазу басылған көк байрақты сатқан танымал маркетплейстерді тексеруді сұрайды. Wildberries пен Ozon дау туғызған тауарды саудадан алып тастады.

Қазақстан билігі мұсылманша киініп, арабша жазуы бар қазақ туын ұстаған әйелдердің суретіне қатысты ұстанымын көрсетті. Мәдениет министрлігінің мәлімдеуінше, осындай тауар Wildberries пен Ozon алаңдарында сатылған. Бұған дейін Kursiv.Media маркетплейстер даулы тауарды саудадан алып тастағанын жазған.

«Ozon.kz әкімшілігіне Қазақстан заңнамасын бұзатын жайтты жою және даулы материалды алып тастау жөнінде ескерту хат жолданды», — деп хабарлайды министрлік.

Мәдениет министрлігі Қазақстан туын заңды бұза отырып қолдануға болмайтынын еске салып өтті. Мемлекеттік рәміздер елді және оның азаматтарын қолдауға, патриоттық сезімді арттыруға бағытталуы керек.

«ҚР ҚК 372-бабына сәйкес, Қақақстанның мемлекеттік рәміздерін мазаққа айналдырғаны үшін қылмыстық жаза қарастырылған. Соған байланысты мәдениет министрлігі ІІМ-ге тиісті шара қолдану үшін хат жолдады».

Бұған дейін Kursiv.Media ниқаб киген әйелдердің үстінен қылмыстық іс қозғалғанын жазған. Кейін мәлім болғандай, суреттер Атырау мұз сарайында түсірілген.

Сондай-ақ оқыңыз