Айырбастау пункттеріне валюта бағамын көшеге ілуге тыйым салынады

Ұлттық банк елдегі валюта айырбастау пункттеріне бағам жазылған тақтаны көшеге ілуге тыйым салады. Осындай қаулы «Ашық НҚА» порталында жарияланды. Талқылау 14 сәуірге дейін созылады.
Қаржы қадағалаушы мекеме қазір айырбас пункттерінің бағам тақталары көше жарнамасына жатпайтынын, сол себепті оларды ғимараттарға, жол белгілерінің үстіне, қоғамдық орындарға бейберекет іліп тастайды.
«Кейде мұндай мәлімет тақталары жол қауіпсіздігі талаптарын бұзады, жол қозғалысына қатысушыларына кедергі келтіреді», – деп түсіндірді Ұлттық банк.
Қаулы күшіне енген жағдайда, бағамнан хабар беретін мәлімет тақтасын пункт орналасқан ғимарат ішіне ілуге ғана рұқсат беріледі.
Естеріңізге сала кетейік, биыл ақпанда ҰБ валютаға қатысты операцияларға жаңа өзгеріс енгізген. Ал 2025 жылғы 14 қаңтарда долларды сату мен сатып алуға қатысты жаңа ереже күшіне енген.
Валюта айырбастаған уақытта не нәрсеге мән беру керектігін білмесеңіз, Kursiv.Media материалын оқыңыз.