Қазақстанда биыл іскерлік белсенділік жоғары, бірақ инфляция алаңдатады – Дүниежүзілік банк

Жарияланды
Business News бөлімінің тілшісі
Дүниежүзілік банк Қазақстандағы инфляция көрсеткішіне алаңдайды / фото: shutterstock

Биыл Қазақстан экономикасының аяқ алысы жаман емес, бірақ инфляция көрсеткіші алаңдатады. Дүниежүзілік банктің қаңтар-ақпан айларына арналған есебінде осындай баға берілген.

Іскерлік белсенділік индексі

Қаржы мекемесінің мәліметінше, Қазақстанда 2025 жылдың басында өнеркәсіпте, сонымен бірге бірге қызмет көрсету саласында да өсім байқалады.

Іскерлік белсенділік индексі (PMI) қаңтарда 50,4 болса, ақпанда 51,3-ке дейін көтерілген. Осының өзі экономиканың кеңейгенінен хабардар береді.

Ал өңдеуші өнеркәсіпте PMI көрсеткіші 54-ке, қызмет көрсету саласында 50,6-ға жеткен. Дегенмен жұмыс күші мен шикізат шығынының өсуі компанияларды алаңдатып отыр.

Қазақстанда іскерлік белсенділік индексі әжептәуір көтерілген / таблица: Дүниежүзілік банк

Инфляция жоғары

Ақпан айында жылдық инфляция 9,4%-ға дейін көтерілді. 2024 жылғы желтоқсанда 8,6% еді. Алайда азық-түлік 6,5%-ға, басқа да тауарлар 8,7%-ға, қызмет көрсету бағасы 14,1%-ға жоғарылаған.

Маңызды факторлардың арасында салықтың көтерілуі, несие берудің артуы және коммуналдық қызметтің қымбаттауын (6,3%) атап өтуге болады.

Сауда

Дүниежүзілік банк есебінде 2025 жылғы ақпанда Қазақстанның сауда балансы 25%-ға қысқарған, бірақ 1,6 млрд доллар өсім көрсетіп тұр. Экспорт 13,4%-ға төмендеді. Негізінен бұған мұнай шикізатын сыртқа шығарудың азаюы мен мұнай бағасының түсуі әсер еткен.

Импорт 5%-ға азайды. Ал машина және басқа да құрал-жабдықтар алу көрсеткіші 10,5%-ға төмендеді.

Сондай-ақ оқыңыз