Қазақстандағы Kia көліктері енді қазақша сөйлейді. Қай маркалардың мәзірі өзгерді

Жарияланды 28 Наурыз 2025 14:55

Азамат Серікхан

Азамат Серікхан

General News бөлімінің аға тілшісі a.serikkhan@kursiv.media
Мәзір ең алдымен Kia K5 бизнес-седанынан бастап енгізілуде / Фото: Allur Motor
Мәзір ең алдымен Kia K5 бизнес-седанынан бастап енгізілуде / Фото: Allur Motor Qazaqstan, бильд-редактор Ахтам Зиперов

Қазақстандық нарыққа арналған Kia автокөліктерінде қазақ тіліндегі мәзірі пайда болды. Бұл туралы Kia брендінің Қазақстандағы ресми дистрибьюторы – Allur Motor Qazaqstan (Allur автокөлік компаниясының құрамында) хабарлады.

Мультимедиа жүйесінің мәзірін орнату жұмыстары қазірдің өзінде басталып кеткен. Қазақ тіліндегі мәзір ең алдымен Kia K5 бизнес-седанынан бастап енгізілуде.

«Бұл қадам қазақстандық клиенттердің қажеттіліктерін барынша қанағаттандыру үшін Kia автомобильдерін бейімдеу үдерісіндегі маңызды кезең болды. Қазақстанда шығарылатын Kia көліктеріне 5 жыл немесе 150 000 км жүріс кепілдігі беріледі»,–делінген хабарламада.

Kia Corporation компаниясының негізі 1944 жылы қаланған. Бүгінде Kia 190-нан астам елде жыл сайын шамамен 3 миллион автокөлік сатады.

Kia әлемдегі ең көп сатылған 10 автокөлік брендінің тізіміне енген. Аталған бренд 2019 302 көлік сатқан. Қазақстанда да айтарылқтай сұранысқа ие. Бүгінде ең көп сатылған 5 автокөлік брендінің ішінде Kia маркалы көліктер де бар.  

Сондай-ақ оқыңыз