Қазақстан мен Өзбекстан президенттері Медеуге барды

Жарияланды (жаңартылды )
General News бөлімінің тілшісі
Қазақстан мен Өзбекстан президенттері бейресми кездесу өткізіп жатыр. /фото: Ақорда
Қазақстан мен Өзбекстан президенттері бейресми кездесу өткізіп жатыр /фото: Ақорда

Қазақстан мен Өзбекстан президенттері қазір Медеуге де барды. Қасым-Жомарт Тоқаев пен Шавкат Мирзиёев «Медеу» мұз айдынын аралап көрді.

Бірегей нысанның тарихы баяндалатын фотокөрмемен танысты.

Ақорданың ақпаратына қарағанда, Орталық Азиядағы басты екі елдің басшыларына «Медеу» мұз айдынының әлемдік спорт тарихындағы рөлін туралы ақпарат берілді. 1972-1991 жылдары мұнда 247 рет рекорд орнатылған. Сонымен қатар Медеуді әлемдік деңгейдегі туристік орталыққа айналдыру жобасы таныстырылған.

Медеу – Қазақстанның ең танымал туристік нысандарының бірі.

Танымал спортшымен дидарласты

Қазақстан мен Өзбекстан президенттері алматылық спортшы Евгений Кошкинмен әңгімелесті. Ол биыл Әлем кубогінің соңғы екі кезеңінде жеңімпаз атанса, Азия ойындарында да жүлде алғап. Қазақстан спартакиадасында бұл спортшы басмдықпен жеңіске жетіп, 100 метр қашықтықта бейресми әлем рекордын жаңартты (9,31 секунд).
Бұдан кейін мемлекеттер басшылары мәнерлеп сырғанау шеберлерінің өнерін тамашалады.

Тау шаңғысы кластері

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Шавкат Мирзиёев Алматы тау шаңғысы кластерімен танысты

Алматы әкімі Ерболат Досаев Қазақстан мен Өзбекстан президенттеріне Іле Алатауының шыңдарын көрсетіп, Кіші Алматы шатқалындағы «Медеу» селден қорғау бөгетін салу тарихы жөнінде мәлімет берген. Альпинистер мен туристер арасында кең танылған бағыттар көрсетілді.

Қазақстан мен Өзбекстан президенттері «Шымбұлақ» тау шаңғысы курорты туралы есепті тыңдаған. Қазіргі кезде бұл жерде 5 аспалы жол бар. Ал шаңғы тебуге арналған трассаның ұзындығы 25 шақырымға жетеді. Былтыр Шымбұлақты 1,4 миллион адам келіп тамашалаған.  

Тоқаев пен Мирзиёев Алматы қаласының туристік әлеуетіне жоғары бағалады.

Шымбұлақ болашағы

Президенттер Алматы тау кластерін одан әрі дамыту жоспарын сөз еткен. Шымбұлақтың тау шаңғысы трассасы 56 шақырымға дейін ұзартылмақ. Сонымен бірге, болашақта жаңадан 65 шақырым инфрақұрылым салынбақ.

Айта кететін жайт, Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёев Қазақстанға жұмыс сапарымен келіп отыр. Оны Алматы әуежайында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың өзі қарсы алды. 

Бүгін Қазақстан мен Өзбекстан президенттері бейресми кездесу өткізіп жатыр. Қаладағы бірқатар нысанды аралап көрмек.

Мұның алдында Тоқаевтың Алматыда Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёевпен кездесетіні туралы жазған едік.

Сондай-ақ оқыңыз