Қазақстандықтар үшін Еуропаға виза алу жеңілдеуі мүмкін

Қазақстандықтар үшін Еуропаға виза алуды жеңілдету жұмыстары басталды. Сонымен қатар Транскаспий дәлізі мәселелері қарастырылды.
Бұл жөнінде Президент Қасым-Жомарт Тоқаев пен Еурокоммиссия вице-президенті Кая Калласпен кездесуі кезінде белгілі болды.
Тараптар энергетика, цифрландыру және сауда салаларындағы ынтымақтастықты кеңейту, сондай-ақ Транскаспийлік транспорттық дәлізді дамыту мәселелерін талқылаған.
Каллас Қазақстанның өңірде алғаш болып ЕуроОдақпен кеңейтілген серіктестік туралы келісімге қол қойғанын атап өтіп, визалық режимді жеңілдету бойынша жұмыс басталғанын хабарлады. Тоқаев бұл бастаманы қолдап, оның Еуропамен байланыс, туризм және іскерлік қатынастар үшін көп мүмкіндік ашатынын айтты.
Қазақстандықтар үшін Еуропаға жол ашатын Шенген визасын алу тәртібін жеңілдету мәселесі ұдайы қарастырылып келеді. 2025 жылы ЕуроОдақ пен Қазақстан арасында виза либерализациясы қарастырылатыны жөнінде бұдан бұрын Роман Василенко жария еткен еді.
Ол еліміздің 2017 жылдан бастап, еуропалықтар үшін визасыз режим бергенін, енді қазақстандықтар үшін де жеңілдікті талап ететінін мәлімдеді.
Роман Василенконың айтуынша, виза режимін жеңілдету – қос тараптың да мүддесі. Бұл ЕуроОдақ пен Қазақстанды жақындастырады.