Сая Оразғалиева мен Анджелина Джоли: кім сұлу? (видео)

Жарияланды 29 Наурыз 2025 16:56

(жаңартылды 31 Наурыз 2025 10:44)
Шадияр Өстемір

Шадияр Өстемір

General News бөлімінің тілшісі s.ostemir@kursiv.media
Сая Оразғалиева мен Анджелина Джолидің ұқсастығына бір бейнежазба себеп болып отыр./фото: facebook
Сая Оразғалиева мен Анджелина Джолидің ұқсастығына бір бейнежазба себеп болып отыр/фото: facebook

Сая Оразғалиева мен Анджелина Джоли сұлулығы жайлы әлеуметтік желіде қолданушылар арасында қызу пікірталас басталды.

Бұған кейбір адамдардың америкалық актриса Анджелина Джоли мен қазақстандық актриса және әнші Сая Оразғалиеваның  келбетіндегі ұқсастық түрткі болып отыр.

Бейнежазбада не көрінеді?

Сая Оразғалиева мен Анджелина Джоли сұлулығы мен ұқсастығына бір бейнежазба себеп болып отыр. Онда қазақстандық актриса көрермендер залында отыр. Жұртпен бірге әлденеге күліп тамашалауда.

Шын мәнінде де, бұл бейнежазбада Саяның күлкісі, қимыл-қозғалысында, бет-әлпетінде америкалық актриса Анджелина Джолиге бір ұқсастықты аңғаруға болады.

Қазақтың Джолиі ма?

«Сая Оразғалиева желіде қазақтың «Анджелина Джолиі» деп аталып жүр. Әдемілігімен әйгілі АҚШ актрисасыдан аумайтын Сая тағы бір сәт көптеген жігіттердің жүрегін жаралауда», – деп жазды Zhuldyzdynews.

Десе де, бұл тұжырыммен көп адам келіспеген. Қазақ елінде сұлу қыздар өте көп екенін алға тартып жатыр.

«Джоли Саяға ұқсайды»

«Ол Джолиге емес, Джоли оған ұқсаған», – деп жазды Маржан Акошева.

Кейбіреулерге қазақтың танымал адамдарын өзге ұлттың адамдарымен байланыстыра сипаттау ұнамайды. Соның бірі – Загипа Камбарова. Ол Сая Оразғалиева мен Анджелина Джоли туралы сөз қозғаған кезде, қазақ актрисасын басқаға теңеуге қарсы.

«Неге бізде басқа ұлтты өзімізден жоғары қойып, соларға теңестіру ұғымы дамып кеткен? Керісінше, өз құндылығымызды жоғары бағалауымыз керек. Өз халқымызда да мақтанарлық жайттар жетеді», – деп жазды ол.

Сая Оразғалиева қандай фильмдерге түсті?

Сая Оразғалиева Шығыс Қазақстан облысында 1988 жылы өмірге келген. 2009 жылы тұрмыс құрғанмен, көп ұзамай некесі бұзылды. Бір ұлы бар. Актриса фильмдермен қатар, телешоуларға түсіп жүр. Бұрынғы Shine тобының вокалисі «Жаным-2» сериалында ойнады. «Вузеры» телехикаясы танымалдылық сыйлады.

«Кітап» , «Ғашық жүрек», «Жаңа қоныс», «Жібек» және «Тоқал» секілді фильмдер мен телешоуларда өнерін көрсетті. Қазіргі таңда блог жүргізіп, өзге қырларын да дамытып келеді.

Мұның алдында Ay Yola тобының қазақ халқына ерекше алғыс білдіргенін жазған едік.

Сондай-ақ оқыңыз