Шавкат Мирзиёев қазақ-өзбек қатысының жаңа деңгейге көтерілгенін мәлімдеді

Жарияланды (жаңартылды )
General News бөлімінің тілшісі
Шавкат Мирзиёев Қазақстан мен Өзбекстанды одақтас ел деп атады./фотоҮ Ақорда
Шавкат Мирзиёев Қазақстан мен Өзбекстанды одақтас ел деп атады/фото: Ақорда

Шавкат Мирзиёев қазақ-өзбек қатысының жаңа деңгейге көтерілгенін мәлімдеді. Өзінің ілтипатын білдіріп, ризашылығын жеткізді.

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёевтің Алматыда өтіп жатқан бейресми кездесуінде мәртебелі мейман кездесудің маңызына тоқталды.

«Біз – одақтас елміз»

Оның пікірінше, бұл жиын екіжақты байланыстарды нығайтуды көздейді.

«Мені өзіңіздің туған жеріңіз, атап айтқанда, Алматы қаласында достық пейілмен, екі халықтың дәстүріне сай ілтипатпен қарсы алып жатқаныңызға рақмет. Өзімнің және халқымның атынан ризашылығымды білдіремін. Соңғы жылдары қарым-қатынасымыз мүлдем жаңа деңгейге көтерілді», – деді өзбек көшбасшысы Тоқаевқа.

Шавкат Мирзиёев Қазақстан мен Өзбекстанды одақтас ел деп атады. Екі елдің көшбасшыларының өзара сыйластығының арқасында көптеген мәселе шешімін тауып келеді. Екеуара уағдаластықтардың барлығы іске асырылып жатыр.

Кездесу тың серпін береді

Шавкат Мирзиёев қазақ-өзбек қатысы туралы айта келе, Қазақстанның жетістігіне тоқталып өтті.

«Нақты нәтижелер бар. Сізді Қазақстанның зор табыстарға жетуімен құттықтаймын. Экономикаларыңыз дамып келеді, жетістіктеріңіз жоғары. Бірінші тоқсанды 5,4 пайызбен қорытындылап отырсыздар. Бүгінгі кездесуіміздің сипаты ресми болмаса да, мен үлкен құраммен келдім. Дегенмен әрбір осындай бейресми жүздесулер біздің байланыстарымызға, барлық келісімдеріміздің орындалуына тың серпін береді», – деді Шавкат Мирзиёев.

Тараптар түрлі саладағы ықпалдастық перспективасын талқылады.

Қандай жайттарға назар аударылды?

Оның ішінде саяси, сауда-экономикалық, көлік-логистикалық, инвестициялық бағыттар бар. Сонымен қатар энергетикалық, су шаруашылығы, өнеркәсіп кооперациясы және туризм де маңызды. Мәдени-гуманитарлық байланыстарды дамытуға ерекше назар аударылып отыр.

Аймақтағы және халықаралық күн тәртібінің өзекті мәселелері де қамтылды. Кездесу соңында екі бауырлас елдің басшылары қазақ-өзбек стратегиялық серіктестігін одан әрі тереңдетуге ниетті екенін растады.

Мұның алдында Тоқаев Мирзиёевтің аймақ дамуына қосқан үлесін ерекше атап өткен еді.

Сондай-ақ оқыңыз