Шымкент әкіміне ұнамай қалған Асхат Тағыберген «Тобылға» ауысты

Жарияланды (жаңартылды )
General News бөлімінің тілшісі
Шымкент әкіміне ұнамай қалған Асхат Тағыбергенді Махаббат мақтан тұтатынын айтқан еді/фото: instagram
Асхат Тағыбергенді Махаббат мақтан тұтатынын айтқан/фото: instagram

Шымкент әкіміне ұнамай қалған Қазақстан құрамасының капитаны Асхат Тағыберген «Тобыл» атты қостанайлық клубқа ауысты.

Fctobol ақпаратына қарағанда, енді Асхат Тағыберген Қостанайда ойнайды.

«Тобылдың» бас бапкері Нұрбол Жұмасқалиев бұл трансферге қатысты пікір білдіріп отыр.

«Асхатты таныстырудың қажеті жоқ. Ол – Қазақстан құрамасының көшбасшысы, нағыз кәсіби тұлға. Оның тәжірибесі мен шеберлігі командамызға үлкен көмек тигізеріне сенімдіміз. Оның үстіне, Асхат бұған дейін де «Тобылда» ойнаған, жеңіс рухын жақсы біледі», – деді бапкер.

Асхат Тағыберген осымен үшінші мәрте «Тобылға» келіп отыр. Ол осы командамен Қазақстан чемпионатын жеңіп, Суперкубоктың екі дүркін иегері атанды.

Құрама капитаны Шымкент әкіміне ұнамай қалған. Ғабит Сыздықбеков футболшы Асхат Тағыбергенді сынап тастады. 

 «Асхат Тағыберген ойнай алмай қалды, кеткісі де келмейді. Ашығын айтқанда, айлығы – 20 млн теңге», – деп жақтырмағанын жеткізген.

Асхат Тағыбергеннің жұбайы Махаббат күйеуін мақтан тұтатынын айтқан. Бір маусымға бола спортшының қабілетіне баға бермеуге шақырған-ды.

Сондай-ақ оқыңыз